Шымкентте конькимен мәнерлеп сырғанаудан ҚР Кубогының І кезеңі аяқталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте конькимен мәнерлеп сырғанаудан ҚР Кубогының І кезеңі аяқталды

Шымкент қаласындағы Мұз сарайы спорт кешенінде конькимен мәнерлеп сырғанаудан жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогының І кезеңі өз мәресіне жетті.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары және Шығыс Қазақстан өңірлерінен барлығы 10 команда қатысып, 60 спортшы өз шеберліктерін сынға салды.

Шымкент қаласының намысын 10 спортшы қорғап, жарыс барысында қысқа және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетіп, техникалық деңгейлері мен көркемдік шеберліктерін дәлелдеді. Жарыстың бас төрешісі – Айгүл Қуанышева, бас хатшысы – Жансая Адиханова болды.

Төрт күнге созылған додада әртүрлі спорттық санаттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Шымкенттік спортшылар жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Алика Халимова І орынды жеңіп алса, Кенан Бердибаев ІІІ орынды қанағат тұтты.

Жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қатысушыларға алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда табыс тілеп, сәттілік тілеген болатын. Бұл турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, ұлттық құраманың резервін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Кубогы кезеңдерінің жалғасы мен нәтижелері спортшылардың шеберлігін шыңдап, елдің конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша болашақ чемпиондарын анықтауға зор септігін тигізеді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...