Жаңа Конституция – демократиялық дамудың даңғыл жолы — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңа Конституция – демократиялық дамудың даңғыл жолы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қаланың зиялы қауым өкілдерімен, білім, спорт және өнер саласының майталмандарымен өткен кездесуде елдің саяси келбетін өзгертетін реформалар мен жаңа Конституцияның мән-маңызын тереңінен талдады.

Кездесуде айтылған негізгі ой – егемендіктің ерттеулі атына мінген ұлт ретінде ендігі кезекте мемлекеттің біртұтастығы мен болашағын жүйелі жоспарлаудың қажеттігі болды. Сәрсен Құранбектің айтуынша, Қазақстанның жарқын келешегі өткен кезеңнің кемшіліктерін саралап, дамудың жаңа сара жолына түсуімен тікелей байланысты.

Жаңа Конституция жобасындағы ең басты жаңалықтың бірі – биліктің үш тармағы арасындағы тепе-теңдікті нығайту. Бұрын билік жоғары жақта шоғырланып, өзара тәуелсіздік тетіктері әлсіз болса, ендігі жерде Бас прокурор мен Жоғарғы сот төрағасын тағайындау, олардың қызмет мерзімін шектеу мәселелері жаңа институттар деңгейінде қаралады. Мәселен, Бас прокурор мен Жоғарғы сот төрағасының лауазымына үміткерлер бойынша құрылтайдың міндетті келісімі алынып, олардың өкілеттігі тек алты жылдық бір мерзіммен ғана шектеледі. Бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен жауапкершілікті арттырудың нақты кепілі болмақ.

Реформаның тағы бір маңызды бағыты – «Адам – Қоғам – Мемлекет» құрылымындағы құндылықтардың қайта қаралуы. Сәрсен Құранбек атап өткендей, қолданыстағы Конституцияда мемлекет мүддесі бірінші орынға қойылса, жаңа өзгерістер аясында адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы мен еркіндігі басты құндылық ретінде бірінші қатарға шығады. Ол бұл қадамды кеңестік жүйенің идеологиялық сарқыншақтарынан арылып, нағыз демократиялық қоғам құруға жасалған батыл бетбұрыс деп бағалады. Сонымен қатар, билікті орталықсыздандыру (децентрализация) арқылы өңірлердің өзіндік шешім қабылдау мүмкіндігі кеңейтіліп, бұл барлық аймақтардың тең дәрежеде дамуына жол ашпақ.

Сөз соңында рухани тұтастық пен патриотизм мәселесіне де ерекше мән берілді. Герольд Бельгер сияқты «аты басқа болса да, заты қазақ, жүрегі қазақ деп соққан» тұлғалардың өнегесі ұлттық бірліктің символы ретінде аталды. Сәрсен Құранбек ел ертеңіне бейжай қарамайтын, рухани жан дүниесі ұлтпен бірге соғатын әрбір азаматты шеттетпей, біртұтас Қазақстан халқы ретінде демократиялық жолды бірге жалғастыру қажеттігін түйіндеді. Бұл өзгерістер қазіргі таңда мемлекет үшін «ауадай қажет» стратегиялық қадам болып табылады.

Шымкент келбеті” газеті

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...