Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып келген. Осының негізінде, биыл қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, бірнеше елдімекендерде құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су беру ...
Читать далее »Шымкент
ШЫМКЕНТТЕ 22 КАНАЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Шымкентте су қоймалары мен каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді. Қазіргі таңда қалада 34 канал болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын – 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылатын – 7 канал бар. Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. 2 су қоймасы (Тоғыс, Бадам) «ҚазСушар» РМК меншігінде, 2 су қоймасы (Текесу, ...
Читать далее »АЛҒЫС АРҚАЛАЙТЫН МАМАНДЫҚ
Шымкентте әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Әлеуметтік сала қызметкерлері қайғы-мұң арқалаған азаматтардың қиындықтарын жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш-жігерлерін салатын мамандық иелері. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін тер төккен сала мамандары қашанда құрметке лайық. Көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және өзге де өмірдің қиыншылықтарына тап болған адамдар сала қызметкерлерінің ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ҚЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫ ЖАҢАША САХНАЛАНАДЫ
Шымкент қаласының опера және балет театры 30-31 қазан күндері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңартып, көрермен назарына ұсынбақ. Биыл еліміздің музыкалық-сахна әлеміндегі тұңғыш қазақ операсы «Қыз Жібектің» дүниеге келгеніне – 87 жыл. Бұл опера туындысы барша әлемді селт еткізіп, ықлас-зейінін өзіне бірден тартты. «Қыз Жібек» бүгінгі күні ұлттық опера өнерінде ең ұзақ бақытты өмір кешкен ...
Читать далее »Агросалаға қызығушылар арзан несие ала алады
Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков агросаладағы 9 айдың қорытындысын баяндады. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында іске асырылатын жоспарлар жайлы айтып өтті. Асқар Сәкенұлының мәлімдеуінше 9 айда 31,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Негізгі капиталға 4,2 млрд теңге ...
Читать далее »Өнеркәсіп саласында өсім жоғары
2021 жылдың І жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 22,7 мың АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,6 пайызға артқан. Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. Кәсіпкерлік саласы бойынша биылғы жылдың 9 айлық қорытындысын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 9 айда атқарылған есебін қабылдады. Басқарма басшысының міндетін атқарушы М. Шотанов қалада жастар саясатын жүргізуде атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма бүгінде 5 бағыт бойынша жұмыс атқарса, соның бір бағыты – жастар саясаты. Шымкентте қазір 14-29 аралығындағы 239 986 жас бар, бүгінде олар қала халқының 22,3%құрайды. Есепті кезең бойынша 10 ...
Читать далее »АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР АРАСЫНДА «АҚ КИМЕШЕК-2021» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған. Байқау ...
Читать далее »ГАЗҒА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Тұрғындардың газды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды. Осыған байланысты Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Газ техникалық инспекция бөлімі тарапынан Қала әкімінің және қала әкімі орынбасарының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, аудан әкімдіктермін бірлесіп, тұрғындарға үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан түсіндіру жұмыстары жүргізу барысында 24 мың дана хабарлама таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау ...
Читать далее »ТУРИЗМ ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
Бүгін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров басқарма тарапынан 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы маркетингтік ілгерілету, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, «Креативті индустрияны» дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту секілді 4 бағытта жұмыс жасауда. Ерлан Ермекұлы өз сөзінде Шымкент қаласының қазіргі таңда Қазақстанның 8 өңірімен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР
Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауындағы міндетті орындауда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 9 айлық есеп бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,1 млрд. тг. жетіп, 101,6% артты. Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 99,3 млн. АҚШ долларын құрап, 103,2 пайызға ұлғайды. Бөлшек сауданың көлемі 331,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 108,1 пайызға артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі ...
Читать далее »МАҚСҰТ ИСАХОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн және оффлайн қабылдады. Қабылдауға тұрғындар әкімдік сайтындағы өтінім беру терезесі және әлеуметтік желі арқылы тіркелген. Тұрғындардың мәселелерінің басым көпшілігі жол сапасы, қоғамдық көлік мәселесі және спорт алаңшалары мен еңбек құқығының сақталуЫ, сондай-ақ интернет пен қала орта сапасын бақылау басқармасына қатысты мәселелер. Мақсұт Пернебайұлы азаматтардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, басқарма ...
Читать далее »«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылына орай құрылысы аяқталған тұрғын үйлер пайдалануға беріле бастады. «Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша азаматтарды қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аталған бағыт бойынша Тұран шағынауданында орналасқан алғашқы 5 тұрғын үйдің (№ 49А, 50А, 52А, 53А, 54А) инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтері іске қосылып, пәтер иелеріне пәтер кілттері табысталған болатын. Бағдарлама бойынша баспаналы болғандардың қатарында Жадыра Ержігітова да бар. Үш баланың ...
Читать далее »«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШЫМКЕНТТЕ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Елбасы жолы» экспедициясы Шымкентке келді. Экспедиция құрамында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың үздік, әрі белсенді 10 қатысушысы бар. Экспедиция тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістігін келер ұрпаққа дәріптеп, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың саяси өмір жолын кеңінен насихаттау мақсатында жолға шыққан. — «Елбасы жолы» экспедициясы Шамалған ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ОҚ ЖӘНЕ СТЕНД АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте Гран-при КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған оқ және стенд атудан XXX Халықаралық турнир басталды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді. Жарыс 2021 жылдың 25-31 қазан аралығында «Shymkent Shooting Plaza» атқыштар кешенінде өтуде. Жарыстың мақсаты-еліміздегі ату спортын дамыту, спортшылардың біліктілігін арттыру және олардың рейтингін анықтау, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға ...
Читать далее »«ШАҢЫРАҚ 5-10-20»: ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 1728 АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
«Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында азаматтарды қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аталған бағыт бойынша Тұран шағынауданында орналасқан алғашқы 5 тұрғын үйдің (№ 49А, 50А, 52А, 53А, 54А) инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтері іске қосылып, пәтер иелеріне пәтер кілттері табысталған болатын. Жеңілдетілген несиелік бағдарлама бойынша баспаналы болғандардың қатарында Жадыра Ержігітова да бар. Жадыра Ержігітова үш баланың анасы толық емес отбасы ретінде осыдан ...
Читать далее »Шымкентте екі мәдениет үйі қайта жөнделуде
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова қала әкіміне 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқармаға қарасты 20 мекеме бар. Қала әкімінің тапсырмасы негізінде мәдениет саласының 2021-2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленген. Бұл бағыттар жоғары білікті кадрлар даярлауға және дарынды жастарды қолдауға ықпал ететіні көзделген. Биыл қалада 10 кітапхананы қайта жаңғырту жоспарланып, бүгінге дейін 6 кітапхана қайта жасақталды. ...
Читать далее »«Фирма Дана» ЖШС жылына 50 мың шаршы метр шыны өндіруде
«Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «Фирма Дана» ЖШС шыны өндіруші кәсіпорны қарқынды жұмыс істеуде. Қала әкімі М. Әйтенов 2012-2014 жылдары жүзеге асырылған өндіріс орынның бүгінгі жағдайымен танысты. Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр шыны өндіруде. Жоба құны – 500 млн теңге. Бүгінде 55 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Дайын өнімдерді 100 % ішкі нарыққа шығарады. Шымкент қаласындағы әйнек өндірісіне маманданған бірден-бір ...
Читать далее »Алюминий банкаларын шығаратын кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов индустриалды аймақтардағы жаңа өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Қала әкімі алдымен «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «KazAlPack» ЖШС алюминий банкаларын шығарушы зауыт құрылысының барысын аралап көрді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылған «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі жыл соңына дейін іске қосылады. 157 жұмыс орнымен ашылатын жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Жылына 500 млн дана қалбыр банкалар ...
Читать далее »«Ten qogam» – баршаға бірдей мүмкіндік береді
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету қызметтерін жүзеге асыратын «Ten qogam» әлеуметтік орталығы жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін бұл орталық осы жылдың 1 шілдесінде ашылып, бүгінге 4 224 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсетілген. Оның ішінде санаторий-курорттық емделуге 2 099 өтінім қабылданып, 1 783 адамға ...
Читать далее »