Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеудің 35 түрі жүргізіледі және 400-ден астам микроорганизм түрі 24-48 сағат аралығында анықталып, олардың антибиотиктерге сезімталдығы белгіленеді.

Жоғары сапалы және жылдам қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүзеге асырылуда. Зертхана соңғы үлгідегі «Vitek 2 Compact» және «BACT/ALERT®3D» автоматтандырылған анализаторларымен жабдықталған.

— Бактериологиялық зертхана зерттеулерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізуге және зерттеу сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтардың бірегей жиынтығымен жабдықталған. Бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қолжетімді және әрбір пациентке жылдам әрі дәл нәтижелерді алу мүмкіндігін береді,-дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бактериологиялық зертханасының бас маманы Бота Карабасова.

Жоғары сапалы технологиялар дәрігерлерге инфекциялық ауруларды ерте анықтап, емдеуді дер кезінде бастауға және дұрыс ем тағайындауға мүмкіндік береді. Орталықтың бактериологиялық зертханасы бүгінгі таңда қаладағы 32 медициналық ұйымға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сыртқы сапа бақылауынан 100% сәйкестікпен өткен.

#әмсқшымкент #мәмсшымкент #зертхана

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...