МӘМС шеңберінде қызмет көрсету сапасы назарда

ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиал өкілдері қаладағы барлық медициналық ұйымдарды аралап, қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен оны жүзеге асыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу барысында Қор филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден ақ желеңділерге МӘМС жүйесінің принциптері мен мақсат-міндеттері туралы мәлімет беріп, егжей-тегжейлі түсіндірді.

МӘМС жүйесі азаматтарға қажетті медициналық қызметтерді алу кезінде қаржылық қолдау көрсетуді мақсат етеді. Бүгінгі таңда Шымкентте 57 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйымдар. Емханаларға тіркелген халық саны 1 243 847 — адамды құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жалпы 189 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Емдеу мекемелерінің барлығы МӘМС шеңберінде медициналық қызметті жеткізуші болып саналады және тұрғындарға соның аясында сапалы қызмет көрсетуге міндетті.

Кездесу барысында дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге МӘМС жүйесін тиімді пайдалану, пациенттердің сақтандыру мәртебесін тексеру, сақтандыру жарналарын қалай төлеу керектігі түсіндіріліп, медициналық көмекті дер кезінде және сапалы көрсету бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, азаматтардың медициналық қызметтерді алу кезінде туындайтын сұрақтарына жауап берілді. ӘМСҚ Шымкент филиалы тарапынан мұндай түсіндіру жұмыстарын қаладағы барлық медицина ұйымдарының ұжымдарымен өткізу көзделген.

Жалпы МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда.

#әмсқшымкент #мәмсшымкент

x

Check Also

80 лет истории – яркий символ веры в будущее

Сегодня в «Доме дружбы» города Шымкент состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию переселения турок-ахысов в Казахстан. В этом событии приняли участие ...

80 жылдық тарих – болашаққа деген сенімнің жарқын символы

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ...