Шымкент

Абай мұрасы ұрпаққа аманат

Бүгін AMANAT партиясының «КІТАП-AMANAT» жобасы аясында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мен «Абай Хакім» мұражайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың асыл мұрасы» атты іс-шарасы өтті. Кездесу қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ұлы тұлғасы Абайдың өмірі мен шығармашылық мұралары жан-жақты талқыланып, жастарды оның даналығы мен гуманизмінен үлгі алуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының ...

Читать далее »

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Бас ми тамырынан қан кетіп, геморрагиялық инсульт алған 67 жастағы науқас комаға түскен. Өмірі қыл үстінде тұрған пациенттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл әрекет етеді. Зейнеткерге МӘМС жүйесі есебінен құны шамамен 6 миллион теңгеге жуық күрделі ота жасалды. Жоғары технологиялы медициналық көмектің арқасында науқас комадан шығып, есін жиған. Қазіргі таңда өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді ақ желенділер. Алдағы уақытта ...

Читать далее »

Шымкентте жаңа «Фосфоршылар мәдениет сарайы» ғимаратының құрылысы басталды

Шымкентте жаңа «Фосфоршылар мәдениет сарайы» ғимаратының құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар – эколог Әсел Тасмағамбетова және кәсіпкер Кеңес Рақышев маңызды нысанның құрылысы басталған жерге капсула салу рәсіміне қатысты. Қаланың мәдени өмірінде ерекше орын алатын бұл орталық 1980 жылы пайдалануға берілген. Алайда соңғы жылдары ғимарат қараусыз қалып, 2023 жылы коммуналдық меншікке өтті. Сарапшылар ...

Читать далее »

«Жаңа өмір» жобасы – жақсылықтың жаршысы

Шымкентте пробация қызметі есебінде тұрған жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижелі жүзеге асып отыр. Жыл басында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жоба аясында бірлескен жұмыс жоспарын бекітіп, меморандумға қол қойды. Аталған орталық пен департамент жұмыс жоспарына сәйкес, пробация есебінде тұрған жастарға ...

Читать далее »

Шымкенттің сүт өнімдері әлемдік нарыққа экспортталады

Қала аумағында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде, сүтті қайта өндеумен айналысатын 10 кәсіпорын бар. 2024 жылы сүт өндейтін кәсіпорындар 5 499,0 тонна қатты ірімшік және 1 438,2 тонна сары май өндірген. Осы бағыттағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын өнім қуаттылығы да арта түсуде. Шаһарда осы саладағы белгілі мекеменің бірі – ...

Читать далее »

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің жұмыстары: Қала өмірін жақсарту бағытында атқарылған қадамдар

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі 2022 жылдан бастап қазіргі таңға дейін белсенді жұмыс істеп, қаладағы әртүрлі мәселелерді шешуге және азаматтардың өтініштерін тиімді қарауға үлкен үлес қосты. Кеңестің құрылымы мен жұмыс бағыты әртүрлі әлеуметтік мәселелерді қамтып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды қадамдарды жүзеге асырды. Қоғамдық кеңестің алғашқы міндеті — Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін ...

Читать далее »

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары басталады

Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошақтары орналасқан, бұл аумақта аурудың таралуына жағдай жасайтын бірнеше факторлар бар. Қалада қазіргі уақытта КҚГҚ ауруына күдікті жағдайлар тіркелмегенімен, өткен 2024 жылы 2 расталған жағдай орын алған болатын. КҚГҚ ауруы иксодты кенелер арқылы жұғады, сондықтан кене шағу жағдайлары медициналық бақылауда болуы керек. Жыл басынан бері кене шағу дерегімен медициналық көмекке 12 адам ...

Читать далее »

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

Шымкент – қонақжайлығымен, дәмі тіл үйірер тағамдарымен келген жанды баурап алады. Мұндағы асхананың саналуандығы – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің, түрлі мәдениеттердің тоғысуының айқын көрінісі. Қазақтың дархан көңілі мен астың берекесі ұштасқан бұл қалада әр тағамның өзіндік тарихы, әр дәмнің өзіндік сыры бар. Бүгін әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада осы бір бай мұра тағы бір мәрте айшықталды. Бармағынан бал тамған аспаздар ...

Читать далее »

Наурыз, Наурыз Алты Алашқа қош келдің!

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Бадам-1, Бадам-2 тұрғын алаптарының халқы Наурыз мерекесін қасиетті Ораза айтпен бірге атап өтті. Көктем мен жаңару мейрамы ауыл сыртында, қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылып, ұлттық рухқа толы ерекше шара болды. Мерекеге 6 мыңнан астам адам жиналып, 30-ға жуық киіз үй тігілді. Тұрғындар ғана емес, қала қонақтары, ауылдың үлкендері мен аудан билігі де осы думанды тойға ортақтасып, ...

Читать далее »

Шымкент: 2025-2027 жылдарға арналған бюджет нақтыланды

Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды. Қаржыны салаларға бағыттау барысында өзекті мәселелерді шешуге және маңызды жобаларға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 806 млрд теңгеден 850 млрд. теңгеге дейін артты. ...

Читать далее »

Шымкент: МӘМС жүйесінде дербес төлеушілер саны артты

Шымкентте 900 мыңнан астам азамат медициналық сақтандырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін 250 мыңға жуық адамның МӘМС жарнасы жұмыс беруші мен жалақысынан тұрақты түрде аударылуда. 7000-ға жуық адам жарнасын дербес төлеуші ретінде төлейді. Жеңілдік санатындағы 722 529 шымкенттік мемлекет есебінен сақтандырылған. Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтамасыз ету және сапалы медициналық көмек көрсету бойынша осы және өзге де өзекті мәселелер ...

Читать далее »

Водоканал Шымкента возвращается в госсобственность: суд вынес решение

Сегодня, 27 марта, специализированный экономический суд г. Шымкента удовлетворил иск акимата города о признании недействительными договоров по ряду объектов водоснабжения и водоотведения ТОО «Водные ресурсы-Маркетинг» и, как следствие — возврата их в государственную собственность. Об этом сообщил заместитель акима города Шымкент, официальный представитель городского акимата Сарсен Абайұлы Құранбек на брифинге, прошедшем на площадке Региональной службы коммуникаций. В ходе судебных слушаний ...

Читать далее »

Сот шешімі шықты: Шымкенттің су арнасы мемлекет меншігіне қайтарылады.

Бүгін, 27 наурыз күні Шымкент қаласының мамандандырылған экономикалық соты қалалық әкімдіктің «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі бірқатар су жабдықтау және су бұру нысандары бойынша келісімшарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызын қанағаттандырып, аталған нысандарды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды. Сот тыңдалымы барысында стратегиялық маңызды нысанның жекешелендірілуі кезінде жіберілген заңбұзушылықтар атап өтілді. Атап айтқанда: — Қазақстан Республикасының «Жекешелендіру туралы» заңына (5-бап) ...

Читать далее »

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық сағаты өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен М.Әуезов атындағы ОҚУ және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне адалдық сағаты өткізілді. Студенттерді, оқытушыларды, мемлекеттік қызметшілерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерді біріктірген іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, академиялық адалдық және адал еңбектің маңыздылығы талқыланды. Сөз сөйлеу барысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ...

Читать далее »

Шымкенттік балуан Омар Сатаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақта күш сынасқан Омар Сатаев Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда ирандық құрдасы Мұхаммед Әзиз Нагхаусиден Установить изображение записижеңіліп қалды. Есеп: 1-3. Ұлттық құрама спортшысы бүгін күндізгі сессияны ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілін Вусёнг Кангты 11:0 және Жапония балуаны Тайцо Юшидоны 10:0 есебімен жеңген болатын. Еске сала кетейік, Мұхаммед Әзиз ...

Читать далее »

Шымкент: Биыл Тұран ауданында 35 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады

Ақжар елді мекеніндегі Керімағаш, Құтағаш, Ботақара көшелерінде жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы, 2025 жылы Тұран ауданында 35 көшеге ұзындығы 21,1 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынады. Оның ішінде: Наурыз, 112 орам, 4 ш/а, Құрсай, Арғымақ шағын аудандары мен Ақтас-2, Құлагер ш/а бар. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жаңа жаяу жүргіншілер жолдары пайдалануға беріледі. Шымкент ...

Читать далее »

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды.

Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі- психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады. Алғаш рет ашылған “Науқастар мектебінде” денсаулық орталығының мамандары психо белсенді заттарға тәуелді науқастар мен жанұясындағы азаматтарға қолдау көрсетіп, кәсіби ...

Читать далее »

Әскери қызметке шақырылатын азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндік қарастырылады

Әскерге шақырылған азаматтарға қызмет өткергеннен кейін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беріледі. Оның ішінде жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер, білім беру гранттары, сондай-ақ әскери қызметкерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі, несиелік демалыс және қосымша әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады. Сонымен қатар, әскерге шақыруға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі де қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, дәлелсіз себептермен шақырудан жалтарған азаматтарға айыппұл салынады, ал медициналық ...

Читать далее »

Шымкентте жайлы ортаны қалыптастыру қарқынды жүруде

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз жиынында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы даму жоспарымен бөлісті. Жиында айтылғандай магистральды көшелер мен саябақтарды санитарлық тазалау жұмыстары Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральдық көшені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 мердігер мекеме санитарлық тазалайды ...

Читать далее »

В Шымкенте в День очищения посадили более 1 тысячи саженцев деревьев

В этом году Наурыз — великий всенародный праздник — отмечался в стране в течение 10 дней. Заключительный день Наурызнама — 23 марта, был объявлен Днём очищения (Тазару күні). В этот день во всех регионах Казахстана проходит общенациональная экологическая акция. Город Шымкент тоже не остался в стороне от масштабной экологической акции, приуроченной к Дню очищения. В новом развивающемся районе Шымкент-Сити была ...

Читать далее »