Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды. — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды.

Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі- психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады.

Алғаш рет ашылған “Науқастар мектебінде” денсаулық орталығының мамандары психо белсенді заттарға тәуелді науқастар мен жанұясындағы азаматтарға қолдау көрсетіп, кәсіби кеңестерін береді. Сондай-ақ орталыққа келушілер психологтарға сұрақтар қойып, тәуелділік мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері туралы біле алады. Бұл үшін “Науқастар мектебінде” білікті психолог,психиатр және нарколог-дәрігерлері қабылдау жүргізіп,түрлі профилактикалық шаралар аясында кеңестерін береді.

Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығы 465 орынға лайықталған. Мұнда жоғары білікті дәрігерлер нашақорлық пен алкогольге тәуелді адамдардың түзу жолға түсуіне көмек қолын созады. Орталықта жалпы наркологиялық,психиатриялық, аутизмге шалдыққан балаларды емдеу, оңалту және жасырын емдеу бөлімшесі бар.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...