Шымкенттің сүт өнімдері әлемдік нарыққа экспортталады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттің сүт өнімдері әлемдік нарыққа экспортталады

Қала аумағында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде, сүтті қайта өндеумен айналысатын 10 кәсіпорын бар. 2024 жылы сүт өндейтін кәсіпорындар 5 499,0 тонна қатты ірімшік және 1 438,2 тонна сары май өндірген.

Осы бағыттағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын өнім қуаттылығы да арта түсуде. Шаһарда осы саладағы белгілі мекеменің бірі – «BIO FOOD KZ» ЖШС. Аталған кәсіпорынның негізі 2022 жылы қаланып, алғашында 15 адаммен жұмысын бастаған еді. Бүгінде жергілікті компания тәулігіне 25 тоннадан астам сүтті қайта өңдеп, сары май, қатты ірімшік және басқа да өнімдермен ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Еліміздің басқа қалаларына да өз өнімдерін ұсынуда.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорынның қуаттылығы артып, қатты ірімшік өндірісі дамып келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын қала аумағында өтетін жәрмеңкелерге қатысып, азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға өз үлесін қосып жүр. Жергілікті кәсіпкерлер алдағы уақытта өз өнімдерін шет елдерге – Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірлігіне экспорттауды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...