Шымкент: 2025-2027 жылдарға арналған бюджет нақтыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: 2025-2027 жылдарға арналған бюджет нақтыланды

Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды.

Қаржыны салаларға бағыттау барысында өзекті мәселелерді шешуге және маңызды жобаларға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 806 млрд теңгеден 850 млрд. теңгеге дейін артты.

Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есеп тыңдалып, инфрақұрылымды дамытудың кешенді шаралары мен денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Сессияда «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Бұл баспана мәселесін шешуге ықпал етеді.

Бүгін өздеріңізбен бірге маңызды мәселелерді қарап шықтық. Қала бюджетінің көлемі 43,6 млрд теңгеге артты. Қаржы мақсатты, өз орнымен, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады – деді қала әкімі Ғ.Сыздықбеков.

Сессияны қорытындылаған қала басшысы маңызды шешімдерді жүзеге асыруға қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...