Шымкент

Тұран ауданында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты волейбол турнирі өтті

Тұран ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты ересектер арасындағы волейбол турнирі жоғары деңгейде өтті. Аудан көлемінде спортты дамыту, бұқаралық спортты насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткен бұл жарысқа түрлі ұйымдар мен мекемелерден жасақталған командалар қатысты. Қатысушылар жоғары шеберлік пен ұйымшылдықты көрсетіп, жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты ойын үлгісін ұсынды. Жарыс барысында ...

Читать далее »

Еңбекші ауданында жүзеге асырылып жатқан игі істер көп

Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік-инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Барлық жоспарланған іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асып, аудан халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған нақты жобалар қолға алынуда. Нақтырақ тоқталатын болсақ, аудан аумағында барлығы 728 көше мен өткел орналасқан. Аталған көшелерде тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жарықтандыру жұмыстары жүйелі ...

Читать далее »

Мәнерлеп сырғанаудан «Shymkent Skate» халықаралық турнирі өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қаласындағы «Мұз сарайы» кешенінде конькимен мәнерлеп сырғанаудан «SHYMKENT SKATE» халықаралық турнирі басталды. Жас спортшылар арасындағы байрақты бәсеке Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Турнирге Өзбекстан мен Қырғызстаннан және еліміздің бірқатар өңірлерінен 12 команда қатысып жатыр. Мұз айдынында әртүрлі жас категориясы бойынша 150-ге жуық спортшы өнер көрсетіп, өзара мықтыны анықтайды. — Құрметті жарысқа қатысушылар, Сіздерді Шымкент ...

Читать далее »

Шымкент-Ташкент бағытындағы веломарафоны басталды

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті. Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен ҚР велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов сөз сөйлеп, веломарафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. — Мемлекет басшысы ...

Читать далее »

Таза Қазақстан: Еңбекші ауданында сенбілік өтті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, сәтті өткізілді. Ақпаратқа сәйкес, Цементшілер, Орманшы шағынаудандары мен Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуге тұрғындар, аппарат қызметкерлері, «Еңбекші» КММ, «Группа Интеко» ЖШС және әлеуметтік нысандар белсене атсалысты. Сенбілік барысында ағаштар мен жасыл-желектер қырқылып, шөптер оралып, аумақтар әктеліп, қоқыстар тазаланды. Қоғамдық еңбекке бірігіп қатысушылар ауданның көркеюіне, экологияның жақсаруына үлкен ...

Читать далее »

Ұмытылмас ерлік — ұрпақ жадында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкенттегі Жеңіс саябағында “Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!” атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Ерлік музейінің бастамасымен өткен бұл жиын — майданда елі үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіп, бүгінгі бейбіт өмірдің қандай қиындықпен келгенін ұғындыруды мақсат етті. Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, оқушылар мен жастарға арналған тарихи-мәдени бағдарлама өткізілді. Мерекелік көрме арқылы ...

Читать далее »

Дәрігерлер тыл ардагерлердің денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында ақ халаттылар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №6 емхананың терапевт, лор, хирург, невропотолог, гастроэнтеролог, медибикелерден құралған бригада еңбек майданының еңбеккерлерінің үйіне барып, медициналық профилактикалық тексерістен өткізді. Олардың қатарында жеңісті жақындатуға үлес қосқан Загира Бекмурзаева бар. Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Құралқызы жасы 90-ға шыққан кейуананың хал-жағдайын сұрап, бүгінгі ...

Читать далее »

Жеңіс күнін жақындатқан қария құрмет-қошаметке бөленді

Бүгінде Шымкентте Ұлы Отан соғысының майдан даласында белуардан қан кешіп, намыс туын көтеріп, аман қайтқан екі майдангері ғана қалды. Сол қос тірі аңыздың бірі – Мұраталы Төлепбергенұлы. Шымкент қаласы, Алматы тас жолы мекенжайы бойынша тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері Төлепбергенұлы Мұраталыны Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары атынан 9 мамыр Жеңіс Күнінің 80 жылдығына орай құттықтауға барды. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр ...

Читать далее »

Батыр ананы ардақтады

Шымкентте көзі тірі екінші соғыс ардагері – Нина Мосунова. Ш.Уәлиханов көшесіндегі №126/3 үйде майдан даласында ерлермен бірдей кеудесімен құм сызған Нина Егоровна ғасырлық тойын қарсы алып отыр. Шымкент қаласы мәслихатының Төреайым Сұлтанова бастаған Альбина Елшиева, Айжан Наимбекова, Алия Юсупова сияқты бір топ депутаты қарияны Жеңістің 80 жылдығымен арнайы құттықтап барды. Иығына шапанын, басына орамалын жауып, гүлі мен тәттілерін беріп, сый-сыяпатын ...

Читать далее »

Халықтың алғысына бөленген мейірбике

Медицина – жан жылуы мен жоғары кәсібилікті талап ететін қасиетті сала. Бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдап, науқастардың саулығы үшін бар күш-жігерін арнап жүрген жандардың бірі – Исабекова Гульзира Шеримовна. Ол өз ісіне деген адалдығы мен жоғары біліктілігінің арқасында әріптестері мен емделушілердің ерекше құрметіне ие болған мейірбике. Гульзира Шеримовна 1976 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келіп, бала ...

Читать далее »

Адал еңбек абыройға бөлейді, табысқа кенелтеді

Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлесін қосып жүрген еңбекқор жандарды ұлықтау, өнегелі ісін үлгі ету қашанда маңызды екенін айтады. Жарқын болашақ жолында білек сыбана тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүрген жандар мақтауға да, мақтануға да лайық. Солардың қатарында Қасмурзаев Бауыржан Амиранұлы да бар. Ол – қоғамдық көлік саласында 21 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты автобус жүргізушісі. ...

Читать далее »

Көлік құралдарының техникалық жағдайын жақсартып жүрген маман

Юлдашев Талғат өз кәсіби мансабын автоэлектрик ретінде бастады. Бүгінде ол- 44 жылдық тәжірибесі бар көлік және автомобиль техникасының маманы. Жылдар бойы ол түрлі деңгейдегі жауапты қызметтерді атқарған оның басты мақсаты көлік құралдарының үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету болатын. Өз еңбек жолындағы әрбір қадамында, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында, ол көлік саласының түрлі бағыттарында маңызды міндеттерді табысты түрде атқарып келеді. ...

Читать далее »

Жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер: академия кәсіби кадрларды оқуға шақырады

Мемлекеттік басқару академиясы 2025 жылғы оқуға қабылдауды бастады. Құжаттар 25 маусымға дейін онлайн түрде қабылданады. Үміткерлер магистратура мен докторантураның 12 бағдарламасына қатыса алады. Олардың ішінде биыл іске қосылған – «Цифрлық мемлекеттік басқару» бағдарламасы ерекше назар аудартады. Оқу талаптары өзгерді: енді магистратураға кемінде 3 жыл, ал кейбір бағдарламаларға 4–5 жыл еңбек өтілі қажет. Ақылы бөлімге квазимемлекеттік сектор өкілдері де қабылданады. Әр ...

Читать далее »

«Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің іс-шарасы өтті

Бүгін «Жеңіс» саябағында Кеңес Одағы кезіңде шет елдерде әскери борышын өтеген ардагерлерден құралған «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің 9-мамыр «Жеңіс күні» және Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 80-жыл толуына арналған мерекелік іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов және «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері Кеңес Одағының батыры С.Рахимовтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойды. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

Шымкентте полицейлер ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында 2025 жылғы 28 сәуірден бастап 30 маусымға дейін «Мәңгілік тағзым» атты патриоттық акциясы бастау алды. Аталған шара Ұлы Отан соғысының қаһармандары мен қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, қызметтік борыш пен тарихқа деген құрметті арттыру мақсатында өткізілуде. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция ...

Читать далее »

Марафон «Бірлік»: Закон и порядок — гарант межэтнического согласия

Граждане Казахстана, независимо от этнической принадлежности или конфессии, равны перед законом и обладают одинаковыми правами. Каждый гражданин обязан неукоснительно выполнять свои обязанности перед законом. Принципы закона и порядка, продвигаемые Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, направлены не только на защиту прав отдельных граждан, но и на сохранение единства и согласия многонационального народа Казахстана. Сегодня, 1 мая, в День единства народа Казахстана, в ...

Читать далее »

“Бірлік марафоны”: Заң және тәртіпті сақтау — этносаралық татулықтың кепілі

Қазақстан азаматтары қай этностың, қайсы конфессияның өкілі болғанына қарамастан, заң алдында бірдей жауапкершілікке ие, әрі теңқұқылы. Әрбір азамат өзінің заң алдындағы міндеттерін бұлжытпай орындауы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған заң және тәртіп қағидаты тек жекелеген азаматтардың құқығын қорғауға ғана емес, көпэтносты Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін сақтауға да мүмкіндік береді. Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне ...

Читать далее »

Жизнь, прожитая во имя родины

Имя героя — в памяти страны. Под этим девизом отдают дань уважения Муратали Толепбергеновичу — ветерану войны, живому свидетелю истории и примеру гражданского долга для будущих поколений. Сегодня акимат города Шымкент посетил дом участника Второй мировой войны Мураталы Толепбергеновича, который в год 80-летия Победы отмечает свой 100-летний юбилей. Гости поинтересовались здоровьем ветерана, вручили ему подарок и выразили глубокую благодарность за ...

Читать далее »

Ғасыр жасаған қаһарманға құрмет көрсетілді

Ер есімі – ел есінде. Осындай ұлы ұранмен ғасырдың куәсі, соғыстың сарбазы, бейбіт күннің тірі шежіресі Мұраталы Төлепбергенұлына құрмет көрсету – кейінгі буынның азаматтық борышы. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, Жеңістің сексен жылдығында жүз жасқа толғалы отырған Мұраталы Төлепбергенұлының шаңырағына арнайы барып, амандығын біліп, шағын сый-сияпат жасап, ардагерге деген ыстық ықыласын білдірді. Бұл – соғыс пен бейбіт ...

Читать далее »

Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесіндегі инфрақұрылым және медициналық қызметтердің қолжетімділігі

2025 жылы Шымкент қаласында амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жүйесінде 60 медициналық ұйым қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге артты. Мемлекеттік емханаларға 607 мың адам (49%), ал жекеменшік емханаларға 639 мың адам (51%) тіркелген. Қала тұрғындарына қадамдық қолжетімділікті арттыру мақсатында 2022-2024 жылдар аралығында 14 жаңа емхана ашылып, бір емханаға орташа тіркелген халық саны 25 мыңнан 20 мың адамға дейін ...

Читать далее »