Жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер: академия кәсіби кадрларды оқуға шақырады — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер: академия кәсіби кадрларды оқуға шақырады

Мемлекеттік басқару академиясы 2025 жылғы оқуға қабылдауды бастады. Құжаттар 25 маусымға дейін онлайн түрде қабылданады. Үміткерлер магистратура мен докторантураның 12 бағдарламасына қатыса алады. Олардың ішінде биыл іске қосылған – «Цифрлық мемлекеттік басқару» бағдарламасы ерекше назар аудартады.

Оқу талаптары өзгерді: енді магистратураға кемінде 3 жыл, ал кейбір бағдарламаларға 4–5 жыл еңбек өтілі қажет. Ақылы бөлімге квазимемлекеттік сектор өкілдері де қабылданады. Әр бағдарламаға нақты бейіндік талаптар белгіленіп, сапалы іріктеу көзделген.

Қажетті құжаттар қатарында – жеке куәлік, диплом, мемлекеттік және ағылшын тілдерінен сертификаттар, қызметтік тізім немесе еңбек өтілін растайтын құжат бар. Докторантураға өтініш берушілер ғылыми-зерттеу жоспарын ұсынуы тиіс.

Іріктеу екі кезеңде өтеді: эссе және сұхбат. Қорытынды 25 шілдеде жарияланады, оқу 1 қыркүйекте басталады. Академия студенттері стипендиямен қамтамасыз етіледі, халықаралық тағылымдамалар мен ғылыми жобаларға қатыса алады. Оқу процесі – практикалық, заманауи және кәсіби бағытта жүргізіледі.

Толық ақпаратты apa.kz сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан алуға болады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...