Шымкентте полицейлер ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте полицейлер ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында 2025 жылғы 28 сәуірден бастап 30 маусымға дейін «Мәңгілік тағзым» атты патриоттық акциясы бастау алды.

Аталған шара Ұлы Отан соғысының қаһармандары мен қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, қызметтік борыш пен тарихқа деген құрметті арттыру мақсатында өткізілуде.

Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінде орналасқан ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Гүл шоқтарын қоюға әр бөліністен үздік қызметкерлер қатысты. Олар бір минут үнсіздікпен бейбіт аспан үшін өз өмірін қиған батырларды еске алды. Іс-шара ресми тәртіпте, нысанды киіммен, саппен, қысқаша түсіндірме сөзбен өткізілді.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...