Мәнерлеп сырғанаудан «Shymkent Skate» халықаралық турнирі өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәнерлеп сырғанаудан «Shymkent Skate» халықаралық турнирі өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қаласындағы «Мұз сарайы» кешенінде конькимен мәнерлеп сырғанаудан «SHYMKENT SKATE» халықаралық турнирі басталды. Жас спортшылар арасындағы байрақты бәсеке Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Турнирге Өзбекстан мен Қырғызстаннан және еліміздің бірқатар өңірлерінен 12 команда қатысып жатыр. Мұз айдынында әртүрлі жас категориясы бойынша 150-ге жуық спортшы өнер көрсетіп, өзара мықтыны анықтайды.

— Құрметті жарысқа қатысушылар, Сіздерді Шымкент қаласында өтіп жатқан осынау дүбірлі додада көріп отырғанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі жарысқа қатысушы жас спортшылар арасынан Қазақстанның көк байрағын әлемдік додада биіктен желбіретер жеңімпаздар, болашақ Олимпиада чемпиондары шығатынына сенімдімін. Сол асқақ мақсатқа қол жеткізу үшін кұнделікті жаттығуларда тынымсыз еңбек етіп, бүгінгідей жарыстарда шеберліктеріңізді шыңдай түсу қажет. Баршаңызға сәттілік серік болсын, — деген Шымкент қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов шаһарда қысқы спорт түрлерінің дамуына ерекше назар аударылып келе жатқанын айтты.

Айта кетейік мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелей сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Оның үш түрі олимпиада бағдарламасына енген.
Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс жылдам не баяу, әр түрлі бағытта (айналып, секіріп, тағы да басқа) орындалуы тиіс. Спорттың бұл түріне баланы 5-6 жастан баули бастайды.

Шымкент келбеті

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...