2025 жылғы 22 маусым күні Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханада «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» атты халықаралық суретшілер симпозиумының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шара аясында көрме ұйымдастырылып, симпозиумға қатысқан суретшілер марапатталды. Аталған халықаралық шығармашылық жиын 18–22 маусым аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Симпозиумға Қазақстаннан бөлек, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 16 кәсіби суретші қатысты. Сонымен қатар, ...
Читать далее »Шымкент
Кәсіби шеберлігімен танылған жоғары санатты педиатр
Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары санатты дәрігер-педиатр, еңбек өтілі – 24 жыл. Осы уақыт ішінде өз мамандығына адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында әріптестері, науқастар мен ата-аналарының зор құрметіне ие болған тәжірибелі маман,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Айнұр Мырзағалиқызы – балалар денсаулығын жақсарту ісінде мол тәжірибесі бар, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін еркін меңгерген. Әр баланың жағдайына жеке ...
Читать далее »Шымкентте қала күніне орай дрондар шоуы ұйымдастырылды
Қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік онкүндік аясында Астана алаңында «Той Думан Fest» фестивалі өткізілді. Іс-шара барысында 500 дроннан тұратын аэроқойылым көрсетіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көрініс тарту етілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дрондар шоуы заманауи технологиялар мен көркемдік элементтердің үйлесімі арқылы қала аспанын түрлі түсті жарықтармен безендірді. Көпшілік назарына ұсынылған бұл көрініс көрермендердің жоғары бағасына ие ...
Читать далее »Шымкентте үш өндіріс орны іске қосылды
2025 жылғы 19 маусым күні Шымкент қаласында Қала күніне арналған салтанатты іс-шаралар аясында үш жаңа өндіріс орны өз жұмысын бастады. Аталған кәсіпорындардың ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, жаңа жобалардың маңыздылығын атап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында екі өндіріс іске қосылды: • «BIK Kanc» ЖШС — А4 және А3 форматтағы кеңсе қағазын ...
Читать далее »Медицина саласын адалдықпен кәсібиліктің үлгісі
Даумбаева Қаламқас Бабанқызы-Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында сарапшы дәрігер ретінде қызмет атқарады. Ол — жоғары санатты, тәжірибелі маман. 2005 жылдан бастап осы ауруханада дәрігер ретінде еңбек жолын бастаған. 2006 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың тамызына дейін бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, ұжымдағы ұйымдастырушылық жұмыстарға белсене араласқан. Жалпы ...
Читать далее »Шымкентте Қала күні кең көлемде аталып өтті
2025 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қала күніне орай салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға қала тұрғындары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты жиынды ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған қауымды Қала күнімен құттықтап, қала дамуына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады. — Қадірлі қауым! Баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен ...
Читать далее »Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
2025 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласындағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында Қала күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында әсем безендірілген саябаққа жиналған қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік көңіл-күйде түрлі мәдени-көпшілік шараларға куә болды. Бағдарлама аясында концерттік қойылымдар, балаларға арналған анимациялық көріністер, цирк өнері, сондай-ақ ән мен биден көріністер ұсынылды. Іс-шара соңында бүлдіршіндерге арналып аниматорлар арнайы бағдарлама ұйымдастырып, оларға ...
Читать далее »«Той думан fest» подарил жителям города праздничное настроение
На главной площади города — площади Астаны — прошел крупнейший культурный проект — фестиваль «Той Думан Fest». Праздничный концерт был организован при поддержке администрации города Шымкента в честь Дня города. Этот фестиваль подарил жителям и гостям Шымкента особую радость и праздничную атмосферу. Кроме того, он был направлен на сохранение национального духа и создание позитивного настроения в обществе. В рамках фестиваля ...
Читать далее »«Той думан fest» қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады
Қаладағы Астана алаңында ең ауқымды мәдени іс-шара – «Той думан fest» фестивалі іс-шарасы өтті. Мерекелік концерт Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, қала күніне орай ұйымдастырылды. Бұл фестиваль Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше қуаныш пен мерекелік атмосфера сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық рухты сақтауға қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға арналды. Фестиваль аясында Қазақстан эстрадасының 100-ге жуық танымал әншілері мен жас орындаушылары бір сахнада ...
Читать далее »19 маусым — Шымкентте қала күні
Шымкент — ежелгі тарих пен заманауи дамудың тоғысқан орны, еліміздегі ең ірі әрі серпінді дамып келе жатқан мегаполистердің бірі. Бүгінде бұл шырайлы шаһар тек экономикалық әлеуетімен ғана емес, мәдениетімен, ынтымағы мен еңбекқор халқының жігерімен де ерекшеленіп келеді. Қаламыздың күннен-күнге көркейіп, жаңарып, жасарып келе жатқаны — баршамыздың бірлікпен атқарған еңбегіміздің жемісі. Әрбір тұрғынның қолдауы мен үлесі – Шымкенттің жарқын болашағының кепілі. ...
Читать далее »Еңбегімен абырой жинаған дәрігер
Тасболатова Айна Кенжебайқызы – адам жанының арашасы болуды мақсат еткен, саналы ғұмырын медицинаға арнаған тәжірибелі акушер-гинеколог. 1997 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін үздік тәмамдап, алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы №12 қалалық клиникалық аурухананың шұғыл гинекология бөлімінде бастаған. 2003 жылдан бастап Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласында табанды еңбек етіп, бүгінгі таңда жоғары біліктілік санатындағы акушер-гинеколог ретінде көптің құрметіне ие. ...
Читать далее »Шымкент: Абай саябағындағы заңсыз құрылыстар бойынша сот шешімдерінің орындалу барысы
Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, «Саят» өндірістік кооперативінің «СОХО» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 29 қарашада №5265-24-00-2/3358 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талапты қанағаттандырды. Кейін 2025 жылғы ...
Читать далее »Адал еңбектің иесі
Сейтқазиева Ұлжан Садыққызы – өз өмірін медицина саласына, соның ішінде қан қызметін ұйымдастыруға арнаған білікті маман. Ол өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қалалық қан орталығында жылжымалы бригада құрамында фельдшер-зертханашы ретінде бастап, осы салада қырық жылдан астам уақыт абыройлы еңбек етіп келеді. Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын Ұлжан Садыққызы – бүгінгі таңда «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша жоғары санатты сертификатқа ие, зертхана ...
Читать далее »Парад оркестров подарит жителям города культурный отдых
На площади Наурыз в Шымкенте состоялось торжественное открытие Республиканского Парада оркестров. В честь Дня города 15 и 17 июня на площади Наурыз выступят оркестровые коллективы классического, национального и современного жанров из разных регионов нашей страны. В сегодняшней церемонии открытия Парада оркестров приняли участие Казахский оркестр народных инструментов концертной организации «Шымкент концерт» и симфонический оркестр Шымкентского городского театра оперы и балета, ...
Читать далее »Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады
Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында еліміздің әр өңірінен келген классикалық, ұлттық және заманауи жанрдағы оркестр ұжымдары өнер көрсетеді. Бүгінгі Оркестрлер шеруінің ашылу рәсіміне «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысып, қала тұрғындарына керемет мәдени демалыс ...
Читать далее »Білікті хирург
Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№12 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына хирург дәрігері болып жұмысқа орналасқан. Дәрігер жұмысқа өте жоғары жауапкершілікпен қарайды. Жоғары санатты тәжірибелі дәрігер. Үнемі өзінің біліктілігін жетілдіріп отырады. Осы қызмет атқарған жылдары өзінің сауатты және білікті маман екендігін ...
Читать далее »Денсаулық сақтау ісіне адал қызмет еткен жан
Тохтанова Раушан Сайлауқызы – медицина саласына саналы ғұмырын арнаған тәжірибелі маман. Ол 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, содан бері халық денсаулығы жолында тынымсыз еңбек етіп келеді. Бірнеше емханалар мен ауруханаларда дәрігерлік қызмет атқарған Раушан Сайлауқызы 2013 жылдан бастап Шымкент қаласындағы №10 қалалық аурухананың емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметіне тағайындалып, мекеме жұмысын ...
Читать далее »Шымкентте қала күніне орай тұрғындарға пәтер кілттері табысталды
Наурыз алаңында өткен “Otbasy Fest” мерекелік іс-шарада қала тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді. Айта кетейік, Отбасы банк тарапынан «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылған болатын. Қала тұрғындары бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиемен белгілі құрылыс компаниялары тарапынан баспанамен қамтылуда. Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков, «Отбасы банк» АҚ ауылдық аумақтарды дамыту және сату департаментінің директоры Г. Датқаева және жергілікті құрылыс компанияларының өкілдері ...
Читать далее »Антына адал ақ халатты абзал жан
Өсербаев Наралы Раимбекұлы – Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет етіп жүрген тәжірибелі дәрігер, бірінші санатты нарколог маман. Медицина саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Еңбек жолын Арыс қалалық орталық ауруханасында терапевт болып бастаған Наралы Раимбекұлы уақыт өте келе наркология саласына бет бұрып, бірнеше маманданудан өтіп, психикалық денсаулық саласында мол тәжірибе жинақтады. 2003 жылдан бері бөлімше ...
Читать далее »Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!
Елімізде жыл сайын 14 маусым «Дүниежүзілік донор күні» ретінде аталып өтіледі. Бұл – өз еркімен қан тапсырып, мыңдаған адамның өмірін құтқаруға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіретін ерекше мереке. Қан – өмірлік маңызы бар, ешқандай жасанды баламасы жоқ құнды ресурс. Сол себепті де донор болу – бұл жай ғана қайырымдылық емес, бұл – шынайы ерлік пен адам өмірін сақтауға бағытталған ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
