Кәсіби шеберлігімен танылған жоғары санатты педиатр — Xnews — ақпарат агенттігі

Кәсіби шеберлігімен танылған жоғары санатты педиатр

Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары санатты дәрігер-педиатр, еңбек өтілі – 24 жыл. Осы уақыт ішінде өз мамандығына адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында әріптестері, науқастар мен ата-аналарының зор құрметіне ие болған тәжірибелі маман,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Айнұр Мырзағалиқызы – балалар денсаулығын жақсарту ісінде мол тәжірибесі бар, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін еркін меңгерген. Әр баланың жағдайына жеке көзқараспен қарап, сапалы медициналық көмек көрсетуге әрдайым ұмтылады.

Кәсіби қызметінде ұқыптылығы, жауапкершілігі мен талапшылдығымен ерекшеленеді. Қиын жағдайларда жылдам әрі нақты шешім қабылдай біледі. Жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ізгілігі мен адамгершілік қасиеттері балалардың тез сауығуына оң әсерін тигізеді.

Ол кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға белсене қатысады. Медицина саласындағы жаңалықтарды үнемі қадағалап, оларды тәжірибесіне енгізуге тырысады.

Кәсіби дамуы мен жетістіктері:
2024 ж. – «Мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» семинарының қатысушысы;
2024 ж. – Алматы қаласында өткен «Человек и Лекарство» халықаралық конгресінің қатысушысы;
2024 жылы – Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты».

Даумбаева Каламкас Бабановна – өз саласының білгірі, ұжым арасында сыйлы, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы мол білікті дәрігер.

2024 ж. – «Балалардағы рахитті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері», «Балалардың құсу синдромы» семинарларына қатысқан.

Марапаттары:
2022 ж. – «Медицина үздігі» атағы;
2023 ж. – «Білікті дәрігер» марапатының иегері.

Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары білікті, тәжірибелі, балаларға жанашыр, өз ісіне шынайы берілген дәрігер.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...