19 маусым — Шымкентте қала күні — Xnews — ақпарат агенттігі

19 маусым — Шымкентте қала күні

Шымкент — ежелгі тарих пен заманауи дамудың тоғысқан орны, еліміздегі ең ірі әрі серпінді дамып келе жатқан мегаполистердің бірі. Бүгінде бұл шырайлы шаһар тек экономикалық әлеуетімен ғана емес, мәдениетімен, ынтымағы мен еңбекқор халқының жігерімен де ерекшеленіп келеді.

Қаламыздың күннен-күнге көркейіп, жаңарып, жасарып келе жатқаны — баршамыздың бірлікпен атқарған еңбегіміздің жемісі. Әрбір тұрғынның қолдауы мен үлесі – Шымкенттің жарқын болашағының кепілі.

Осы айтулы күні шымкенттіктерді Қала күнімен құттықтаймыз!

Шымкент — бірліктің, тұрақтылықтың және даму мен жаңғырудың қаласы болып, гүлденіп, көркейе берсін! Шымкенттің болашағы — жарқын, келешегі — кемел болсын!

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...