Шымкентте қала күніне орай дрондар шоуы ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте қала күніне орай дрондар шоуы ұйымдастырылды

Қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік онкүндік аясында Астана алаңында «Той Думан Fest» фестивалі өткізілді. Іс-шара барысында 500 дроннан тұратын аэроқойылым көрсетіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көрініс тарту етілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дрондар шоуы заманауи технологиялар мен көркемдік элементтердің үйлесімі арқылы қала аспанын түрлі түсті жарықтармен безендірді. Көпшілік назарына ұсынылған бұл көрініс көрермендердің жоғары бағасына ие болып, мерекелік кештің шарықтау шегіне айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш дрондар шоусы – қаланың заманауи келбетін айшықтап, тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған тың бастамалардың бірі. Шоу көрермендерге жоғары технология мен шығармашылықтың үйлесімін сезіндіре отырып, қала күнін ерекше есте қалдыратын мазмұнды мәдени бағдарлама болды.

Мерекелік іс-шаралар қала аумағында жалғасуда. Бағдарлама аясында мәдени-көпшілік және спорттық бағыттағы түрлі форматтағы шаралар өткізілуде.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...