«Жаңа буынның дауысы»: Шымкент жастары Құрылтай сайлауында таңдау жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

«Жаңа буынның дауысы»: Шымкент жастары Құрылтай сайлауында таңдау жасады

Бүгінгі тарихи саяси науқанға ел азаматтары белсенді қатысып, өз таңдауын жасап, мемлекет болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруде.

Бұл күні Шымкент жастары да маңызды саяси үдеріске белсене араласып жатыр. Әсіресе алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған жастар үшін бүгінгі күннің орны бөлек. Олар өздерінің алғашқы азаматтық таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласудың жаңа кезеңіне қадам басты.

№228 сайлау учаскесінде солардың бірі Қожамқұл Мейіржан Қуатұлы дауыс берді. Ол биыл маусым айында 18 жасқа толған. Осылайша, еліміздің тарихында алғаш өтіп жатқан Құрылтай сайлауында Мейіржан алғаш рет сайлаушы ретінде дауыс беріп, өзінің конституциялық құқығын пайдаланды.

Ол үшін бұл азаматтық өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық күн. Себебі алғаш рет дауыс беру арқылы жас азамат ел тағдырына қатысты өз пікірін білдіріп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінді.

Биыл маусым айында 18 жасқа толдым. Сондықтан бүгінгі сайлауға қатысу мен үшін ерекше әрі жауапты сәт болды. Еліміздің тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс беруім мен үшін үлкен мәртебе. Өз таңдауымды жасау арқылы ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымымды білдірдім. Менің ойымша, әрбір жас өзінің сайлау құқығын біліп, елдің болашағына бейжай қарамауы керек. Біз жаңа буынбыз, сондықтан еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосуымыз қажет, – деді Мейіржан Қожамқұл.

Дауыс беру жас азаматтың қоғамдық-саяси өмірге араласуындағы маңызды қадам. Әсіресе еліміздің тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында жас сайлаушылардың белсенділік танытуы олардың азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Жастардың сайлау үдерісіне қатысуына қолдау көрсету арқылы олардың құқықтық және сайлау мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға мән беріліп отыр.

Бүгін алғаш рет дауыс берген жастар үшін бұл күн тек сайлау күні емес, олардың азаматтық өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы. Өз таңдауын жасау арқылы олар елдің қоғамдық-саяси өміріне алғашқы қадамын жасап, Қазақстанның болашағына қатысты азаматтық үнін білдірді.

Жастардың дауысы елдің ертеңге деген көзқарасы. Ал еліміз тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында жас буынның белсенді қатысуы олардың мемлекет болашағына бейжай қарамайтынының айқын көрінісі болды.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...