Руханият — Страница 2 — Xnews — ақпарат агенттігі

Руханият

Ұлттық рух өнердің өзегі болғанда, қанатын кеңге жаяды

Қазақтың ұлттық би өнерін дәріптеп, оны елімізде ғана емес, халықаралық сахналарда да танытып жүрген Шымкенттің өнер ұжымдарының бірі – «Қазына» халық би ансамблі. Бүгінде ансамбльдің шығармашылық қоржынында қазақтың фольклорлық және заманауи бағыттағы билерімен қатар, ТМД елдері мен әлем халықтарының ұлттық билері де бар. Ұжым әртістері ұлттық өнердің дәстүрін сақтай отырып, жаңа ізденістерге де жол ашып келеді. Ансамбльдің шығармашылық тынысы, бишілердің ...

Читать далее »

Балалар әдебиетінің жарқын қаламгері

Шымкент қаласындағы №14 кітапхана бөлімшесінде балалар жазушысы Нәсіреддин Сералиевтің шығармашылығына арналған «Балалар әлемінің жарқын жазушысы» атты әдеби кездесу өтті. «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған тағылымды шараға фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, балалар жазушысы Айтбозым Мұратбеков, ақын, сазгер Айзада Бекенқызы және 5-6 сынып оқушылары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Н.Сералиевтің өмірі мен шығармашылық жолын жас оқырмандарға ...

Читать далее »

Шымкент қалалық арнайы кітапханада “Күз және біз” атты поэзиялық кеш өтті

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Кітап оқитын ұлт жобасы аясында «Күз және біз» атты поэзиялық кеш өтті. Тағдырластар клубының кезекті кездесуінде «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, “Әділет” партиясының Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Жанұзақұлы және клуб мүшелері қатысты. Іс-шарада қатысушылар поэзия оқып, ән айтып, өзара әдеби пікір алмасты.. Кеш ...

Читать далее »

Өзбекәлі Жәнібековтің өнегелі өмірі — ұрпаққа үлгі

Ұлттың рухани мұрасын түгендеп, төл мәдениетінің қайта жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі — Өзбекәлі Жәнібеков. Мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениет саласының жанашыры, этнографтың туғанына биыл 95 жыл. Осыған орай «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы «Ө. Жәнібековтің іздерімен» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды. Кездесуде қайраткердің өмір жолы, елге сіңірген еңбегі мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы бастамалары кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, ақындар іс-шарада жырдан ...

Читать далее »

Шымкент архивінде ашық есік күні өтті

Шымкент қаласының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында дәстүрлі ағартушылық іс-шара өтті. Оған мектеп оқушылары мен жергілікті колледж студенттері қатысып, архив қоймаларының жұмысымен танысты. Жастар сирек кездесетін тарихи құжаттарды көріп, туған өлкенің өткені туралы тың деректерге қанықты. Мамандардың айтуынша, Ашық есік күні республика бойынша мемлекеттік архивтерде жыл сайын 21 қыркүйекте өткізіледі. «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының негізгі мақсаты ...

Читать далее »

Түркістанда халықаралық деңгейдегі қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Түркістан облысында мәдениет пен туризмді дамытуға бағытталған бірқатар халықаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бүгін Астана төрінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірде өтетін халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі мен қазақ әндері фестиваліне қатысты жоспарларымен бөлісті. 26-28 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Turkistan Brand Craft Fair 2026 халықаралық қолөнершілер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық көрменің негізгі мақсаты – қолөнерді, ...

Читать далее »

Түркістанда халықаралық деңгейдегі қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Түркістан облысында мәдениет пен туризмді дамытуға бағытталған бірқатар халықаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бүгін Астана төрінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірде өтетін халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі мен қазақ әндері фестиваліне қатысты жоспарларымен бөлісті. 26-28 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Turkistan Brand Craft Fair 2026 халықаралық қолөнершілер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық көрменің негізгі мақсаты – қолөнерді, ...

Читать далее »

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

25-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде VII Халықаралық «Voice of Turan — 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Қазақ әндері фестивалі — қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ. Бұны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ОКҚ брифингінде айтты. «Шараға 20 елдің ...

Читать далее »

Шымкентте отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған семинар өтті

2026 жылғы 18 қыркүйекте Өңірлік инновациялық университетте Отбасы күніне орайластырылған семинар өтті. Кездесу отбасы институтын нығайту және жастардың отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мәселелеріне арналды. Іс-шараның спикері – отбасы мәселелері бойынша сарапшы, филология ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми зерттеулер бөлімінің маманы Асылбек Ауезханұлы. Семинар барысында қатысушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызын, сондай-ақ отбасындағы түсініспеушілік пен ажырасуға ...

Читать далее »

Нұрлан Есенқұлов, айтыскер ақын: Халықаралық сахнада тұтас елдің намысын қорғадық

– Нұрлан Келдібекұлы, дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында өткен халықаралық айтыста жүлделі III орын алуыңызбен және Қырғызстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі атануыңызбен құттықтаймыз! Халықаралық айтысқа қай елдерден қанша ақын қатысты? – Рахмет! Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанның Қырчын жайлауында, Алатаудың баурайында дүбірлеп өтті. Ауқымды іс-шараға әлемнің 109 елінен спортшылар мен өнер адамдары қатысты. Айтыс – қазақ пен қырғызға ортақ рухани мұра. Сондықтан, ...

Читать далее »

Өнерді өміріне серік еткен

Шымкент қаласының тұрғыны Қасымбек Сарымбетов мамандығы экономист-бухгалтер болғанымен ән өнерінің өз адамы. Сауда саласында, мемлекеттік қызметте, қаржылық бақылау мекемесінде жауапты қызметтер атқарған ол күйшілік өнерді, ән шығаруды жанына серік ете білген сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Қандай қызметте жүрсе де, домбырасын жанынан тастаған емес. Бүгінде оның қоржынында жүзден астам ән, елу жеті күй, бірнеше музыкалық поэма бар. Авторлық шығармалары жеке ...

Читать далее »

Ұлыларын таныған ұрпақ тарихын да таниды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруда кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызына үнемі назар аударып келеді. Президенттің бастамасымен биыл кітап оқу мәдениетін дамытуға және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған арнайы шаралар қолға алынды. Осы бағыттағы бастамалардың бірі Шымкент қаласындағы «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебіндегі игі жоба – «Ел тұтқа» тұлғатану дәрістері. Он айға жоспарланған жоба аясында әр ай бір ...

Читать далее »

Тайқазан-Тәбәрік Баянауыл байтағында

Қасиетті Түркістан қаласы мен киелі Баянауыл өңірі арасындағы тарихи тамырластық тереңдей түсті. Түркістан төрінен Баянауыл баурайына Тайқазан макеті тарту етілді. Тұғырға қонған Тайқазан көшірмесінің ашылу салтанатына Түркістан қаласынан арнайы делегация қатысты. Түркістандық делегация құрамында зиялы қауым өкілдері, қалалық және облыстық ақсақалдар алқасы мен ардагерлер кеңесінің жетекшілері, мәдениет майталмандары мен ғалымдар болды. Салтанатты шарада Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, делегация жетекшісі Мадияр ...

Читать далее »

Шымкентте көрнекті ақын Марфуға Айтхожинаның мерейтойына арналған поэзия кеші өтті

Қазақтың «жыр аққуы» атанған көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Марфуға Айтхожинаның туғанына биыл 90 жыл толды. 1936 жылы Құлжа қаласында дүниеге келген ақынның шығармашылық жолы қазақ поэзиясымен біте қайнасып келеді. Оның алғашқы жыр жинағы «Балқұрақ» 1962 жылы жарық көрсе, кейінгі жылдары ақынның көптеген өлеңдер жинағы оқырманға жол тартты. Осыған орай, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында ақынның шығармашылығына арналған «Жүрек үні – ...

Читать далее »

От антресолей до праздничного стола: самовары обретают вторую жизнь в руках мастера из Шымкента

Специалист по реставрации самоваров Владислав Ибрагимов не просто распахнул двери своей мастерской для корреспондента Zakon.kz, но и раскрыл секрет, почему «самогреи» по-прежнему в цене. Как говорит сам умелец, чаепитие – дело тонкое. Это как маленький праздник, когда за столом собираются самые близкие, делятся новостями и переживаниями, а по кружкам разливается горячий чай. Он может быть с добавлением мяты, чабреца, листьев ...

Читать далее »

«Мерейлі отбасы»: Топ жарған Жақыповтар әулеті

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы Жақыповтар әулеті бүгінде көпшілікке үлгі болып отырған берекелі отбасы. Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Біржан Жақыповтай атпал азаматты тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасы ұлттық байқауда топ жарып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Халқымызда «Отан – отбасыдан басталады» деген ұлағатты сөз бар. Себебі, отбасы қай заманда болсын ел болашағы – жастарды тәрбиелейтін ыстық ұя. Мерейі тасыған әулетте ...

Читать далее »

Бірлігі бекем отбасы

Жеті баланың күлкісі мен қызығына бөленіп, жарымен бірге шаңырақтың берекесін ұстап отырған Ақмарал Құдайбергенова үшін отбасының орны айрықша. Оның жұбайы Ернар Анарбайұлымен бірге 5 қыз 2 ұл тәрбиесін басты назарда ұстап, үлкен отбасының жарасымын қалыптастырып отырған жайы бар. Ақмарал Асанқызы – Шымкент қаласындағы Абай атындағы кітапхананың №11 бөлімше меңгерушісі. Руханият саласында еңбек етіп жүрген ол қызметі мен отбасының жауапкершілігін қатар ...

Читать далее »

Шымкентте жастарға отбасы құндылықтары түсіндірілді

Отбасы құндылықтарын жастар арасында насихаттау мақсатында Шымкенттегі Жол-көлік колледжінде «Отбасы – бақыттың бастауы» атты кездесу өтті. Іс-шараны «Қазақстан Республикасы Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Басқосуда отбасының қоғамдағы рөлі, ата-анаға құрмет, өзара түсіністік пен жауапкершілік мәселелері қозғалды. «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов отбасы институтының ел тұрақтылығы мен ұрпақ тәрбиесіндегі ...

Читать далее »

Shymkent Creative Hub: Пространство, открывающее путь к искусству и творчеству

В настоящее время для людей, занимающихся творчеством, очень важно не только реализовывать свои идеи, но и обмениваться опытом, формируя новое окружение. Одной из таких творческих площадок является Shymkent Creative Hub. Здесь собирается молодежь, увлеченная искусством и стремящаяся создавать что-то новое, а также горожане, склонные к творческой деятельности. Каждый четверг в центре организуется специальное мероприятие под названием «Креативный четверг». Это уникальная ...

Читать далее »

Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады

Шымкентте еңбек ардагерлері студенттермен кездесіп, отбасы, жауапкершілік, салт-дәстүр және нағыз қазақстандық патриот қандай болуы керектігі жөнінде пікір алмасты. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында еңбек ардагерлері мен жастардың кездесуі өтті. Жиынға қаладан 40-қа жуық еңбек ардагері, бесінші курс студенттері, оқытушылар мен университет басшылығы қатысты. Кездесудің алғашқы ...

Читать далее »