Руханият

Иваннан қорқатын Қажымұқан ба, әлде біз бе?

Қайран, Қажымұқан бабам-ай! Ана бір жылдары өзің жайлы кино түсіріп бір күлкіге қалып едік. Орыс аюының қасында қонжықтай майпаңдатып, Поддубныйдың қолбаласындай жалпаңдатып қойған қойған образыңды көріп бір жүрек ауырып еді сол кезде. Оны да кеңестік идеологияның кесірі ғой деп жылы жауып қоя салдық. Енді міне, тағы… «Ұлы» көршіміз түсірген, қазір прокатта жүріп жатқан «Иван Поддубный» фильмінде орыс палуаны түріктің Хаджимуканын ...

Читать далее »

Қазақ баласын «Қажымұқан» әлдилесе болмай ма? (2011)

1944 жылдың 29 қыркүйегінде КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетіне Қазақстаннан бір таңғажайып хат жетеді. Мазмұны: «…Отанымыз фашист басқыншыларына қирата соққы беріп жатқан күндерде мен, өмірімнің 55 жылын спортқа арнаған балуан, жеңіс күнін жақындату үшін еңбекпен тапқан 100 мың сом табысымды қорғаныс қорына тапсырамын. Осы қаржыға Аманкелді Иманов атындағы самолет жасауға тиісті нұсқау беруіңізді өтінемін». Бұл хатты жолдаушы – адам түгілі, батпандай ...

Читать далее »

Қажымұқан палуанның бейіті қайда?

Қазақ халқының қайсар да қайталанбас даңқты балуаны Қажымұқан баба қай жерде туып, қай жерде дүние салған? Кейбіреулер баба сүйегі Астанада жатыр дейді. Осы қаншалықты рас? Күш атасы Қажымұқан бабамыз 1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауылында дүниеге келген. Алапат күш иесі Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс палуаны И.Злобинмен белдеседі. Тұла бойын күш кернеген балуанға риза болған ...

Читать далее »

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған…

Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған. Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. ...

Читать далее »

Қажымұқан мен Поддубный: кім-кімді жеңген?

Осыдан екі айдай уақыт бұрын Ресейде «Поддубный» фильмі көрерменге жол тартқан. Екі жыл бойы түсірілген, бюджеті 12 миллион доллар болатын бұл фильм орыстың әлемге әйгілі балуаны, француз күресінің алты дүркін чемпионы Иван Поддубный турасында. Әйгілі орыс қаһарманы туралы түсірілген осы фильмде Поддубныйдың Қажымұқан есімді түрік балуанымен белдесіп, оның желкесін үзіп жіберетіні жайлы бір келеңсіз көрініс бар. Аянышты күйде сұлық жатқан ...

Читать далее »

Үш балуанның кездесуі

Ұлытау өңірінде атақты Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан Шолақ, Қажымұқан балуан үшеуі бас қосып, даланы ду-дыруға бөлегені жайлы. Бірін-бірі көріп бас қосуға ынтазар болып жүрген қазақтың арыстары алқа-қотан отырып өнер көрсетеді. Балуан Шолақ білектей темірді арқан сияқты білегіне үш-төрт қайыра орап, екі ұшын тұйықтап тастай салады. Ал, Қажымұқан болса жуан рельс темірді жотасына көлденең көтеріп, жиналған халыққа, «екі басына сыйғанша мініңдер!» дейді. ...

Читать далее »

Мәңгілік ел алыптары. Қажымұқан Мұнайтпасұлы 150 жаста

Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан бабамыз биыл 150 жасқа толып отыр. Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен ...

Читать далее »

Қажымұқанға етік тіккен жауынгер

Жиырма төрт патшалықтың жерін басып, жер шарының 54 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалап, қазақ ұлтының рухын асқақтатып бүкіл әлемге танытқан, түркі халықтарының ішінде қазақтың ғана маңдайына біткен, дүниежүзілік сайыста әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы, туғанына 150 жыл толып отырған күш атасы Қажымұқан бабамыздың ел ішін аралап өнер көрсеткеніне жұртшылық қанық болса керек. Сондай сапардың бірі 1947 жылы шалғайдағы Созақ ...

Читать далее »

Батыр казахского народа

В честь 150-летия первого профессионального казахского борца Хаджимукана Мунайтпасова, чье имя прочно вписано в историю отечественного и мирового спорта, в Национальной библиотеке РК проходит большая выставка «Күш атасы – Қажымұқан», которая приурочена к 30-летию Независимости страны. Вызов звездам борцовского ковра Талантливый борец-самородок Хаджимукан (1871–1948) в короткие сроки смог добиться поразительных успехов и встать вровень с известными в те времена силачами ...

Читать далее »

Қазақ мемлекеттік циркі кезекті қойылымын Қажымұқан атамыздың 150 жылдығына арнап отыр

Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік циркі пандемиялық жағдайға орай ұзақ карантиндік үзілістен соң «Hello Circus» бағдарламасымен көрерменге есігін қайтадан айқара ашты. Қазақ халқының мақтанышы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ұсынылып отырған бағдарламада күштік атлеттер, эквилибристер мен әуе гимнастарының өнеріне басымдық берілген. Сондай-ақ цирк өнерпаздары тілін тапқан түрлі жануарлар мен көзді арбап санаулы секундтар ішінде бірнеше көйлек ауыстырып киген сиқыршы ...

Читать далее »

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Еркін Қайшыбектің шығармашылық көрмесі (видео)

2021 жылдың 11 маусымында Өнер, мәдениет және спорт институты, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментімен бірлесе отырып ұйымдастырылған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркін Қайшыбектің шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өткізілді. Көрмеде ректор Дархан Біләлов сөз сөйлеп, көрме авторы Еркін Қайшыбековке сый сияпатын табыстады. Көрмеге арнайы шақыртылған қонақтар қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ресей ...

Читать далее »

Қажымұқанның қос қанаты

– Сонымен, соғысқа барамын деңіз…Аудандық әскери комиссариаттың бастығы, капитан Данияр Әлімов шау тартып қалған дала батырына таңырқай қарады.– Иә, несі бар! Соғысып жатқандардан менің жаным артық па екен? Ел басына күн туғанда өзің еркекпін дейтін арда азаматтар үйінде бұғып жатады ма? Ата-баба салтында ер-азамат ел шетіне жау түре кіргенде жамбастап жатып өлмейді. Сен де айтады екенсің…– Мен айтсам, ақсақал, турасын ...

Читать далее »

Қажымұқанның мәдениет саласына сіңірген еңбегі талқыланды

Көкшетауда Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Жаһандық күш атасы – Қажымұқан» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Ақмола облысы Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы өткізген шараға Қазақстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары қатысты. «Қажымұқан-аты аңызға айналған тұлға. Ол Алпамыс, Қобыланды, Бөгенбай, Қабанбай сынды ежелгі дала алыптарының тарихи жолын жалғастырған адам. Қазақстанда грек-рим күресінің қалыптасуы онымен байланысты. Біздің ұлы жерлесіміз Қазақстанды халықаралық ...

Читать далее »

Бүгін Күш атасы Қажымұқанның туғанына — 150 жыл

Қазақ даласының батыры — Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Әлемдік аренада алғаш рет 1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста жеңімпаз атану арқылы әйгілі болған палуан дүниежүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды палуандармен күрескен. Бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, ...

Читать далее »

Халық күш атасына тағзым етті

Қазақтың қара күшін әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасұлы өмірінің соңғы жылдарын Ордабасы ауданында өткізіп, Темірлан ауылының іргесінде жерленгені белгілі. Бүгін Ордабасылықтар күш атасының 150 жылдығына орай батыр баба рухына тағзым жасады. Күллі түркі жұртына ортақ болған балуанның есімін ұлықтау шарасына Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдығараев арнайы қатысты. Шара барысында ...

Читать далее »

Полицейлер Ордабасы тарихымен танысты

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жас мамандары Темірлан ауылындағы «Қажымұқан» музейі мен “Данқ” мемориалында болды. Әрбір жәдіргермен танысқан полиция қызметкерлеріне тарихи тұлғалар туралы кең мәліметтер берілді. “Ордабасы биігінде 1726 жылы Орда тігіліп, жоңғар басқыншылығына қарсы қол жиналған. Бұл жиын қиын жағдайда, халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан аса маңызды оқиға болып саналады”, — деді мұражай қызметкерлері. Қазақ даласында орын алған ...

Читать далее »

Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды. Осылайша шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арта түспек, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап. Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылды. Дүниежүзілік мұра ...

Читать далее »

Ордабасыда Елбасының бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды

Ордабасы ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған жобалардың атқарылу деңгейін сараптау мақсатында жұмысшы топтың отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев төрағалық еткен алқалы жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы, аудандық маслихат депутаттары, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, дербес бөлім басшылары, Жастар орталығының, Өлкетану мұражайының басшылары, Түрік ...

Читать далее »

Шымкентте «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті. «Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының өнерін танытуда этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады. Жоба 2 кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы ...

Читать далее »

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с Днём благодарности

Этот праздник олицетворяет собой ценности добра, взаимоуважения и доверия, отметил президент. «Учреждённый Елбасы этот праздник олицетворяет собой ценности добра, взаимоуважения и доверия. В самые сложные годы казахская земля радушно приняла миллионы людей, вынужденных переселиться сюда в силу разных исторических обстоятельств. Они и их потомки обрели в лице Казахстана новую Родину и внесли достойный вклад в развитие нашего государства», – отметил ...

Читать далее »