Ордабасы пробациясында тіркеуде тұрған жиырмадан аса сотталғандар аты әлемге танылған спортшы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі жайында қойылған спектакльге қатысты. Биылғы жылы даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай республика көлемінде мерекелік шаралар аталып өтілуде. Соның бірі Ордабасы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен белгілі режиссер Ғазиз Арыновтың қойылымымен «Қажымұқан» атты спектакль өткізілді. Аталған көріністе балуанның бала кездегі бейнесі де сомдалған. ...
Читать далее »Руханият
«Анаға хат» шығармашылық байқауы мәресіне жетті
Ордабасы ауданыңда «Игілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Анаға хат» шығармашылық байқауның қортынды кеші өтті. 100 ден астам мектеп оқушыларынан келіп түскен шығармалардың арасынан әділқазылар алқасының шешімімен 10 оқушының туындысы үздік деп танылды. Қалам қабілеті шыңдала түскен оқушыларға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Кеш соңы барша аналардың құрметіне арналған концерттік кешке ұласты. ...
Читать далее »Қажымұқан үйреткен қазақ күресі
Қай халықтың да салт-сана, ата дәстүр, ұлттық ойындары секілді ерекшеліктері болған. Рас, уақыт сырғыған сайын солардың қайсы бірінің кейбір тұстары жасарып, жаңару жолына түсіп те жатады. Бірақ, ол әуелгі ұлттық қағида жазылмаған ережеден айнымауы керек. Айныған кезде, сөз жоқ, ұлтты ұйытатын ұлттық ойындарға талас күмән туғызып, кейінгі ұрпақтың көңіліне кірбің түсетіні анық. Сондықтан, атам қазақ мұндай салмағы ауыр тұстарға, қай ...
Читать далее »Қажымұқан бабамызды ұлықтауымыз керек
Қажымұқан – қазақ даласының батыры. Алып күш иесі, батыр бабамыз жайлы көптеген аңыздар бар. Күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған, қазақ палуаны туралы біз білмейтін деректерді отставкадағы милиция полковнигі, КСРО-ның еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Мұрат Джанкобаев әңгімелеп берді. – Мұрат ата, әңгіменің әлқиссасын жауырыны жер иіскемеген атақты палуан туралы өзіңіздің жеке естеліктеріңізден бастайық. Қажымұқан Мұңайтпасұлымен атаңыз ...
Читать далее »Памятник Кажымукану открыли в Нур-Султане
Сегодня в специализированной Республиканской школе-интернате-колледже олимпийского резерва имени К. Мунайтпасулы состоялось открытие памятника прославленному борцу Кажымукану Мунайтпасулы. Кроме того, имя знаменитого борца присвоено спортивному комплексу «Жас Батыр» в честь 150-летия Кажымукана Мунайтпасулы. В торжественном мероприятии приняли участие министр культуры и спорта Актоты Раимкулова, заместитель акима Нур-Султана Ермек Кизатов, двукратный олимпийский призер по греко-римской борьбе Даулет Турлыханов, депутат Мажилиса парламента Бакытбек ...
Читать далее »Астанада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды (видео)
Бұған қоса сол маңдағы спорт кешеніне батыр баба есімі берілді. Салтанатты шараға қоғам қайраткерлері, спорт ардагерлері және халық қалаулылары қатысты. Балуанның немерелері де келіп, өз ілтипаттарын білдірді. Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған бастамалар бұнымен бітпейді. Жыл соңына дейін тағы бірақтар мәдени және спорттық шара ұйымдастырылады. Мерейтой аясында «Қажымұқан» көркем фильмі түсіріліп, күш атасының пошта маркалары да шығарылды. «Хабар 24» телеарнасы
Читать далее »Елордада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күрес түрлері бойынша әлемді мойындатқан аңыз тұлға – Қажымұқан Мұңайтпасовқа елорда төрінен ескерткіш ашылды. Балуанның биылғы 150 жылдығына орай жасалған тас мүсін енді балуан есімі берілген «Жас батыр» спорт кешені аумағында орнатылды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, БАҚ өкілдері, қоғам және спорт қайраткерлері, ...
Читать далее »Танымал тұлғалардың қызықты әдеттері
Он тоғызыншы ғасырда Арқада өмір сүрген Паң Нұрмағамбет деген атақты бай қолынан қысыжазы ақ биялайын тастамаған. Халық маңғаздығына орай «Паң» деген атақ берген. Сол Паң төре бол, қара бол, кіммен болсын амандасқанда, қолынан ақ биялайын шешпейтін көрінеді. Ақан Сері қымыз берген үйдің аяғы кір болса, дастарханын тастап жүре берген, кір жастықтан қашып, ертоқымын жастанып, құла дүзге барып қонатын болған. Күш ...
Читать далее »Қажымұқан Поддубныйды жеңген бе?
Бұл сұрақ талай адамның көкейінде жүргені анық. Орыстар өздерінің, біз өзіміздің палуанымызды жеңді деп ойлаймыз. Сөз жоқ екеуі де мықты. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Қапсағай денелі азаматтардың өздеріне лайық тұлғалары мен батырға тән мінездері болған. Енді жоғарыдағы сұрақтың жауабына келейік. Қажымұқан жайлы кеңестік заманда кино түсірілді. Дәлірек айтсақ, 1985 жылы «Знай наших!» деген атпен жарық көрген киноға Бақытжан Есжанов, ...
Читать далее »Қажымұқан балуанмен кездесу
– Оу, Әуке, келемін деп алдын ала айтсаң қайтеді. Поштабайдан хат жіберсең де болатын еді ғой. Өзің бір оқыған-тоқығаны көп азаматсың, – деп атақты балуан Қажымұқан демнің арасында әуре-сарсаңға түсті. Оның Әуке деп отырғаны қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғалым Әуелбек Қоңыратбаев еді. – Қажеке, мен сізді әурелейін деп келгем жоқ. Қайта керісінше «батырым не істеп жатыр?» деп көру үшін, ...
Читать далее »Қажымұқанның батасы
Таяуда Павлодар облысы, Қашыр ауданы Тереңкөл ауылында тұратын сексен жасқа толған Мағатай Мұстафина мынадай әңгіме айтып берді. Апамыз әңгімесінде былай дейді: – Менің келін болып түскен жерім осы өзіміздің ауданымыздағы қазіргі Федоровка ауылдық округіндегі, кезінде (Максим Горький ауданы) Қызылтудың Қоянды деп аталған жері болған. Мұстафа әулетінен, баласы Сләмғалының үш қыздан кейінгі көрген ұлы Жасаумен отау құрдым. Бір кездері аталарымыз осы ...
Читать далее »Тұрлыханға Қажымұқан батасын берген
Асқақ Алтай, Тарбағатай тауларының інісіндей болған Қалба, Құсмұрын, Қандығатай сияқты аласа тау жоталары Шығыс өңірін мекендеген ежелгі Найман елінің ата қонысы екені көпке мәлім. Қасен қажы орнатқан биіктігі 2 жарым метр қара тас әлі күнге дейін тұр Бай табиғатына қарай бұл жақтың адамдары да кең пейілді, жомарт, үлкен жүректі һәм мейірімді болып туады десек, артық айтқандық емес. Осындай ежелгі ата ...
Читать далее »Отан деген жүрекпен елдің қамын ойлапты
АЛЫП КҮШТІҢ ИЕСІ Алты Алаштың айбыны болған ердің бірі осы, Алла берген біртуар алып күштің иесі. Тіл жетпейтін төзім мен асып-тасқан күш-қуат, Тек Тәңірі қолдаған жанға ғана тиесі. Нар намысын халқының жанын салып қорғаған, Белдескеннің басына ақырзаман орнаған. Егескендер ентіккен, тірескендер мертіккен, Көрсеткен ол күресті, бұрын-соңды болмаған. Жебемейді жаратқан жан түбінде жақсылық дәні бүршік жармаса, Жаңбыр болып не керек, жердің ...
Читать далее »Богатырь казахских степей
Кажымукан Мунайтбасов — фигура в казахстанском спорте однозначно значимая. Его имя носят многотысячные стадионы в Шымкенте и Астане — совершенно разных районах страны, а это ли не говорит о его «всеказахстанскости», что ли? Еще в детстве от старших и из книжек я знал, что боролся еще до войны такой легендарный борец Кара-Иван — едва ли не брат самого Ивана Поддубного. ...
Читать далее »Қажымұқан атадан қалған қасиетті жәдігер (видео)
Ожар бет, қара мойын – бейне құлжа, Қылар ед бір салса егер мылжа-мылжа. Шалқиған жауырынды, бұжыр қара, Еңгезер, үйелмен, дәу, тартқан – құжға. Бұл Сәкен Сейфуллиннің тау қопарар қайратымен, теңіз тасқынындай екпінімен дараланған Қажымұқанға арнап жазған өлең шумақтары. Өрдеш төс, білеу дене, шойындай сом, қазақты жаһанға танытқан тұңғыш палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының мына көйлегіне қарап таңырқайсыз. Бірде-бір рет жуылмаған.Тіпті әлі күнге ...
Читать далее »Қажымұқанның тігіншісі атанған Базар Есенбекова жайлы не білеміз?
Өзім Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақтың киелі ауылдарының бірі Дербісекте туып-өссем де осынау аяулы әжеміз, яғни 95 жаста дүниеден өткен Базар Есенбекованың кезінде қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасовқа тігінші болғанын білмеппін. Жақында кезекті демалысымды алып, әлгі ауылға арнайы барып, ол кісінің ұлымен және келінімен сөйлестім. Сөйтсем, оның бір ұлы Абай – өзіммен кезінде тай-құлындай тебісіп, бірге өскен құрдасым болып ...
Читать далее »Қажымұқанның 70 жыл сақталған көйлегі туралы не білеміз? (2014)
«Қалың бет, бура түсті, қара нардай Жұп-жұмыр, жуан діңгек, бойшаң дардай Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде Айбынды, жолбарысқа болар пардай…». Сәкен Сейфуллин Қажымұқан Мұңайтпасұлының палуанға тән бітім-болмысын осылай суреттепті. Еш қазақтың табаны тимеген жаһанның 28 елінде болып, еш қазақ тақпаған 56 алтын-күмісті олжалаған палуанын бүгінгі ұрпақ біле ме? Жауырыны жерге тимей дүниенің дүр дегендерін алып ұрған, Африканың қара перісімен де ...
Читать далее »Қажымұқанның көйлегі табылды (2014)
Күш атасы Қажымұқанның көйлегін жетпіс жыл рахаттанып жамылған Рахат аға Ұлылар, ұлыларға жөн сілтеп тұратындай. Былтыр Ұлы хан Абылайдың 300 жылдық тойы дайындығымен жүріп Ақмола облыстық Ұлттық спорт мектебінің директоры Марат Хойшиннің кабинетінде, үстел үстінде жатқан Көкшетау қалалық «Степной маяк» газетінің бетіндегі, орасан үлкен көйлек киіп тұрған адамның суреті көзіме оттай басылды. Мараттан сұрасам ол, күш атасы Қажымұқанның көйлегі Көкшетауда ...
Читать далее »Күш атасы – Қажымұқан (Батырхан Ескермесовпен сұхбат. 18.03.2011ж)
Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола уезі, Қараөткел болысына қарасты Қоспа елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан ел арасында қазақша күреске қатысып, «бала палуан» атанған. Омбыдағы цирктің ашылуынан хабардар болған Мұқан 1889 жылы ат басын осы қалаға бұрып, Злобин палуанмен күш сынасып, жеңісті қанжығасына байлады. Злобиннің ақыл-кеңесіне сүйеніп, Петербордағы Тадевско-Лебедев атындағы мектепте француз күресін меңгереді. 1890 жылы Киев қаласында өткен халықаралық турнирде ...
Читать далее »Ордабасы – ел бірлігінің нышаны
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың: «Аталы кесімге, әділ шешімге тоқтаған дана халқымыз түрлі жарғыға, низам мен ережеге бағынған. Ордабасы мен Ұлытауда, Мәртөбе мен Күлтөбеде келелі кеңес құрған. Заңды басшылыққа алып, орталыққа ұйысқан сайын берекелі халқымыздың бірлігі нығая түскен. Бұлар – сол тұстағы еңселі елдіктің ерекше белгілері еді» деген сөздерінің мән-мағынасын күні кеше Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғындары тағы бір терең түйсініп, ...
Читать далее »