ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қалалық әкімдіктің ғимаратында “Құтқарушылар күніне” арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты.
“Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор”– деді қала әкімінің орынбасары.
Жиында Азаматтық қорғау органдарында және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға өз үлесін қосқан, елдің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер мен жедел жағдайлар саласына жауапты сектор мамандары марапатталды.
Жалпы жыл басынан бері шаһарда өрт, газдан улану, суға кету секілді 327 оқиға орын алды. Жергілікті құтқарушылар осындай көлденең жағдайлар кезінде жедел қимылдап, талай жанды аман алып қалған.
x

Check Also

Кастро мен Рокоссовский тәнті болған Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта орнатылды

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді. «Бүгін Жамбыл облысының Жуалы ауылында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес ...

Дала батыры атанған дара балуанға 154 жыл!

Ауданымызда мемлекет басшысының біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету туралы бастамасы аясындағы жұмыстар үзбей ...