ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАРАП ТҰР!

Қыркүйек айында бокстан Арыс қаласында өткен Бейсен Онтаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирде түркістандық өрендер олжалы оралған.
2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы сайыста Нұрасыл Мырзан мен Мұхамедәлі Пазылхан чемпион атанса, Нұрасыл Даниярұлы 2-ШІ орынды иеленді.
Бапкерлері — Марат Сәрсенбаев, Ағабек Алтыбаев.
Сонымен қатар, Сайрам ауданында бокстан өткен Ақсу жекпе-жек спорт клубының ашық біріншілігіне қатысқан Түркістан қалалық №1 БЖСМ-нің спортшылары оза шапты.
Тарқатып айтсақ, 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы жарыста облыс орталығының спортшылары бес алтын,  2 екі күміс, бір қола медаль иеленген.
x

Check Also

Түркістан: Үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауында Ұлыстың Ұлы күні тойланды

Ордабасы ауданында Ұлыстың Ұлы күні кең көлемде тойланды. Салтанатты шара «Наурыз – жыл басы» сахналық композициясымен басталып, кернейшілер, дабылшылар, атты ...

Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары ...