ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына орай, Алматы қаласында 13-17 қазан аралығында өткен II халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалінде Түркістан музыкалық драма театры сахналаған «Бөрте» спектаклі бас жүлдеге ие болды. Бір автордың пьесалары бойынша өткен фестивалге алыс-жақын шетелден — үш, Қазақстаннан үш театр қатысқан болатын. Ел мәдениетінің елеулі оқиғасы болған шараға келушілер қатары көп болды.
Бөрте – әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның бірінші әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарманың қазақ сахнасында қойылуы да «тұңғыш» екенін атап айту керек. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Қойылым декорацияның шынайлығымен, сахналық киімдердің тартымдылығымен, реквизиттерді шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді.
«Бөрте» спектаклінің режиссері — италиялық Давиде Ливермор, көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, композиторы – Хамит Шанғалиев, әдеби редакторы – Шынар Омарова, ғылыми кеңесші –тарихшы, т.ғ.к., Нұрлан Атығаев. Рөлдерде – Еркебұлан Дайыров, Лейло Ақназар, Әділ Ахметов, Қонысбек Бекайдаров, Зәмзагүл Бекайдарова, Алихан Идрышева, Нартай Сауданбекұлы, Ақбота Рахат, Әшім Ахметов, Толқын Нұрбекова және Түркістан музыкалық драма театрының әртістері.
Еске сала кетейік, 13 қазан күні аталмыш спектакль Алматы театрында халықаралық театр фестивалінің шымылдығын ашқан болатын.
x

Check Also

От жилищного строительства до повышения пенсий: Ключевые меры социальной поддержки правительства в 2024 году

В Послании Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Экономический курс Справедливого Казахстана» было подчеркнуто, что в основе стратегии экономического развития страны ...

Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жаңғырту. 2024 жылы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау ...