Қоғам — Страница 71 — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғам

Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конституциялық реформа: Ұлы дала мемлекеттілігінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Университеттің жетекші тарихшылары, құқықтанушылары мен ғалымдары елдегі ауқымды саяси өзгерістерді тарихи мұра мен ұлттық бірегейлік тұрғысынан талқылады. Шараны ашқан тарих факультетінің деканы Досбол Байғонақов қазіргі реформалардың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың адамға бағытталған басқару ...

Читать далее »

Татар ақыны Мұса Жәлелдің 120 жылдығына орай тағылымды кеш өтті

Шымкент қаласындағы Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана ғимаратында татар халқының көрнекті ақыны Мұса Жәлелдің туғанына 120 жыл толуына арналған «Мұса Жәлел мұрасы: Ерлікке тартқан жол» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараны кітапхана ұжымы мен татар-башқұрт этномәдени бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласында жүріп, фашистерге тұтқынға түскен қайсар қаламгердің тағдыры мен ...

Читать далее »

Адам капиталын дамыту — мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты

Шымкент қаласындағы Мирас университеті базасында Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, Ата Заңдағы жаңа нормалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды. Кездесуді PhD докторы, қауымдастырылған профессор Гүлзада Шінет жүргізді. Ол өз сөзінде Конституцияда адам капиталының мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалуы қоғам дамуының жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті. — Қазіргі кезеңде экономиканың басты ...

Читать далее »

«Әлеуметтік әділеттілік қағидаты күшейді»: Шымкентте Жаңа Конституция түсіндірілді

Шымкент қаласында Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта «Ауыл» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әлфараби Мыңбай «Рахат-Шымкент» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында спикер қолданыстағы Конституция мен жаңартылған редакциядағы негізгі өзгерістерді салыстыра отырып, реформаның мәні мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әлфараби Мыңбайдың айтуынша, Жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне тікелей ...

Читать далее »

Қазақстанда 15 наурыз күні Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді

Орталық референдум комиссиясы отырыс өткізіп, референдумды дайындау және өткізуге қатысты бірқатар мәселені қарады. Атап айтқанда, азаматтардың тізімдерімен жұмыс жүргізу, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ үгіт-насихат үдерісін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Референдум науқаны 32 күнге созылады. Ел бойынша 10 мыңнан астам учаске, оның ішінде шетелде де учаскелер ашылады. ➖ В Казахстане 15 марта состоится республиканский референдум по проекту новой Конституции ...

Читать далее »

Әлеуметтік мемлекет: жаңа Конституциялық өзгерістердің маңызы

Шымкент қаласында конституциялық реформа аясында «Әлеуметтік мемлекет және өмір сүру сапасының жаңа стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Іс-шараға кәсіподақ белсенділері, салалық сарапшылар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиын барысында конституциялық реформаның еңбек нарығына, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейіне және жалпы халықтың өмір сүру сапасына ықпалы жан-жақты талқыланды. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев өз баяндамасында конституциялық ...

Читать далее »

ҚР жаңа Конституциясы: Құрылтай — заң шығару билігінің жоғары өкілдік органы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің құқықтық жүйесін нығайтып, мемлекеттік биліктің негізгі қағидаларын айқындауда маңызды рөл атқарады. Құжатта ҚР Құрылтайы — заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілдік органы ретінде бекітілген. Бұл норма мемлекеттік биліктің бөліну принципін одан әрі нақтылай отырып, заң шығарушы органның қоғамдағы рөлін күшейтеді. Конституцияға сәйкес, Құрылтай елдің барлық азаматтарының мүддесін қорғауға, заңдардың әділ және теңгерімді қабылдануын қамтамасыз ...

Читать далее »

Меншік құқығы – Конституциялық кепілдік және халық игілігі

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл бастама саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі болып табылады. Реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөніндегі ұсынысынан бастау алып, кең қоғамдық талқылау арқылы пысықталды. Арнайы жұмыс тобы құрылып, азаматтар e-Otinish және ...

Читать далее »

ҚР жаңа Конституциясы: Қазақстан халқы — мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы еліміз үшін тарихи маңызды құжат болып табылады. Ол мемлекеттік билік пен егемендіктің бірден-бір иесі — Қазақстан халқы екенін айқын жариялайды. Жаңа Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді негіз қалыптастырады. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау арқылы мемлекеттің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрбір шешім мен мемлекеттік акт халықтың мүддесіне қызмет етуі тиіс, бұл — еліміздің демократиялық ...

Читать далее »

ҚР жаңа Конституциясы: Әділетті Ата Заң — қуатты мемлекет

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің құқықтық негіздерін жаңаша жүйеге түсіруде маңызды қадам болып табылады. Құжатта әділетті заң мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде белгіленген. Жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы теңгерімді нығайтып, әділетті заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын кепілдендіріп, қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты арттыруға негіз болады. Құжаттың маңызды ерекшелігі ...

Читать далее »

Жаңашыл жастар – тиімді мемлекеттік басқарудың кепілі

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар — елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу. Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында, Президенттің 2023 жылғы ...

Читать далее »

В Шымкент прошла масштабная акция «Вместе за обновление страны!»

В одном из трёх мегаполисов страны — городе Шымкент — состоялась масштабная акция «Вместе за обновление страны!», организованная в поддержку общенационального референдума по новой Конституции. Мероприятие прошло во дворце «Қызғалдақ» и было направлено на поддержку основного документа, определяющего стратегический курс развития государства, а также на укрепление общественного единства и согласия. В акции приняли участие около 1000 жителей города. Среди них ...

Читать далее »

Шымкент қаласында «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты ауқымды акция өтті

Еліміздегі үш мегаполистің бірі — Шымкент қаласында жаңа Конституция бойынша өтетін жалпыұлттық референдумға қолдау білдіру мақсатында «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шара «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылып, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын басты құжатты қолдауға, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға арналды. Акцияға шаһардың 1000-ға жуық тұрғыны қатысты. Олардың қатарында белсенді жастар, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, сондай-ақ ел намысын ...

Читать далее »

Алғаш рет преамбулада білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілді — Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты жаңа Конституция жобасындағы кіріспеде алғаш рет білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілгенін айтты. Ата Заңда аталған саланы қаржыландыру саясаты нақты әрі айқын көрсетілген.

Читать далее »

Адам мемлекеттік саясаттың өзегінде: депутаттар, заңгерлер және саясаттанушылардың жаңа Конституцияның негізгі бағыты туралы пікірлері

«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов өз пікірлерімен бөлісті. «Біздің мемлекетте жасалып жатқан кез келген іс «адам мүддесіне сай келе ме, жоқ па?» деген өлшем арқылы бағалануы тиіс. Бұл – билік болсын, азаматтық қоғам институттары болсын, әрдайым шешім адамның өміріне ...

Читать далее »

«Жедел даму қаласы»: өңірлер үшін не өзгереді

Қазақстанның жаңа Конституциясында жекелеген өңірлерді жедел дамытуға арналған жаңа құрал пайда болады. Бұл механизм өңір экономикасын қалай жеделдететінін Мәжіліс депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында түсіндірді. Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов бұл механизмнің ең алдымен өңірлерге қосымша шетелдік инвестиция тартуға бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, бұл әрбір өңірдің әлеуетін оның ерекшеліктерін ескере отырып тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл мультипликативті әсер береді: дамуға ...

Читать далее »

Еріктілік стратегиялық бағытқа айналады: Конституция жобасына түзетулер енгізілді

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында алғаш рет мемлекет тарапынан еріктілікті қолдау нормасын бекіту ұсынылды. Тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында талқылады. Мәжіліс депутаты Вера Кимнің айтуынша, еріктілікті конституциялық деңгейде бекіту – оның маңызын мойындау ғана емес, сонымен қатар еріктілер қозғалысын ұзақ мерзімді перспективада дамытуға мемлекеттік қолдау кепілдігін білдіреді. «Осылайша, еріктілер қозғалысын Конституция деңгейіне көтеру арқылы біз әрбір азаматтың ...

Читать далее »

Шымкентте алғаш рет «Qaraquiz» зияткерлік сайысы өтті

Шымкент қаласында жастардың білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған жаңа форматтағы жоба іске қосылды. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында алғаш рет «Qaraquiz» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы, «Заң мен тәртіп» қағидасы және «Цифрлы Қазақстан» бағыттары аясында студенттердің құқықтық мәдениетін көтеру, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру және цифрлық сауаттылығын дамыту. Сонымен қатар жоба жастар арасында зияткерлік ортаны ...

Читать далее »

Шымкентте Конституциялық реформа жобасы түсіндірілді

Шымкент қаласындағы «Көктем» базарының аумағында «Ауыл» партиясының Шымкент қалалық филиалы аппарат төрағасының орынбасары Әл-Фараби Мыңбаев қала тұрғындарымен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты — алдағы конституциялық өзгерістердің мән-жайын және жаңа жобаның мазмұнын халыққа тікелей түсіндіру. Кездесу барысында Әл-Фараби Мыңбаев Ата Заңға енгізілетін түзетулердің мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудағы рөліне тоқталды. Атап айтқанда, Парламенттің өкілеттігін күшейту, заң шығару процесін жеделдету және ...

Читать далее »

Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі — Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы

Жаңа Конституциядағы үлкен өзгерістердің бірі Құрылтайдың құрылуы. Ата заң жобасында Парламенттің атауы ғана емес, оның негізгі құрылымы да өзгерді. Енді депутаттар саны – 145, бір ғана палата болады. «Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында сенатор Нұрлан Бекназаров бұрынғы Парламенттің айрымашылығы туралы айтып берді. «Енді елде бір палаталы Парламент жұмыс істейтін болады. Оның атауы Құрылтай болып өзгертілді. Депутаттар саны нақты белгіленіп, олардың барлығы партиялық ...

Читать далее »