Қоғам — Страница 72 — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғам

Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді — Бақыт Нұрмұханов

ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциялық жобаның маңызын түсіндірді. «Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы, кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл ереже біздің тарихымыздың тереңде жатқанын көрсетеді, мыңдаған жылдық. Сондықтан біз мұнымен мақтануымыз керек», — деді Б.Нұрмұханов «Референдум–2026» онлайн-марафонында. Сонымен қатар ол Әділетті ...

Читать далее »

Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата Заңымызда белгілеу маңызды болды

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров көпшіліктен келіп түскен цифрлық дербес деректерді қорғау, жекеменшік мүлікті қорғау және ашықтық жайында пікірлер мен ұсыныстар жайында айтты. «Ең бастысы, өзімізде бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселе болды, ол – цифрлық қауіпсіздік, цифрлық деректерді қорғау және азаматтың құқығы тек қана офлайн емес, онлайн да қорғалуы. Оны Мәжілісте Цифрлық кодекске де ...

Читать далее »

Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты

«Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мәнін түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты. «Біз Қазақстандағы мұнай дәуірін аяқтадық. Мұнайды табу қала беретін шығар, бірақ жаңа digital заманның келуі, екінші жағынан, бізге қазір енді мұнайдың энергиясына емес, адамның энергиясына негізделген экономика керек. Біздегі қазір шағын және орта ...

Читать далее »

Қазақстанда 15 наурыз күні Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді

Орталық референдум комиссиясы отырыс өткізіп, референдумды дайындау және өткізуге қатысты бірқатар мәселені қарады. Атап айтқанда, азаматтардың тізімдерімен жұмыс жүргізу, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ үгіт-насихат үдерісін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Референдум науқаны 32 күнге созылады. Ел бойынша 10 мыңнан астам учаске, оның ішінде шетелде де учаскелер ашылады. ➖ В Казахстане 15 марта состоится республиканский референдум по проекту новой Конституции ...

Читать далее »

Арыста «Ерлік – елге мұра» шарасы аясында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толып отыр. Осыған орай, Арыс қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің монументінде ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындарының және әкімдік өкілдерінің қатысуымен «Ерлік – елге мұра» шарасы ұйымдастырылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, Арыс қалалық «Отан» Ауған соғысының ардагерлері» ҚБ төрағасы Ергентай Көшкінбаев, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков және ауған ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Бұл конституциялық реформаларды қолдау және халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі. Өңірлік коалиция құрамына 5 саяси партияның облыстық филиалдары, беделді қоғам қайраткерлері, тәжірибелі заңгерлер, мәслихат депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сарапшылар енді. Құрамға енген 457 адам барлық аудан қалаларда, халықтың барлық санатымен 1959 ...

Читать далее »

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлеріне Конституциядағы маңызды өзгерістер түсіндірілді

Шымкент қаласында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен Конституциядағы жаңалықтарды түсіндіру бойынша сарапшылардың кездесуі өтті. Іс-шара барысында сарапшы А. Сүйіндікұлы жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқықтары мен бостандықтарын басымдыққа шығаратынын, азаматтардың өмірі, қадір-қасиеті мен әл-ауқатын ең жоғары құндылық ретінде танитынын атап өтті. Арнайы назар Конституцияның Преамбуласына аударылып, оның Қазақстан халқының біртұтас еркін, заңдылық пен тәртіп қағидаларына берік ұстанымын және ...

Читать далее »

Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Бахадыр Нарымбетов «Бал Текстиль» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының мән-маңызын жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында мәслихат төрағасы Конституциялық комиссия отырыстары аясында еліміздің болашағына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар оң шешімдер қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, Конституциялық реформа елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қоғам ...

Читать далее »

Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум

В городе Шымкент создана городская коалиция «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!». Основная цель коалиции — широко и доступно донести до жителей изменения, выносимые на предстоящий республиканский референдум, наладить открытый диалог в обществе и создать условия для осознанного участия граждан в политической кампании. В учредительном собрании приняли участие представители политических партий, депутаты маслихата, представители интеллигенции, общественные активисты и молодежь. ...

Читать далее »

Шымкентте қоғамдық-саяси күштер бірікті

Шымкент қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясы құрылды. Коалицияның негізгі міндеті – референдумға шығарылған өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, ашық әрі мазмұнды қоғамдық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың науқанға саналы түрде қатысуына жағдай жасау. Шымкент қалалық коалициясының жетекшісі болып Мұрат Жолдыхожаев тағайындалды. Алдағы уақытта құрамында 150 адамы бар коалиция жұмыс істейді. Олардың қатарына саяси партия өкілдері, партиялық ...

Читать далее »

Мәулен Әшімбаев Алматы қаласының белсенді азаматтарымен жаңа Конституция жобасының негізгі мәнін талқылады

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті. Іс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды. Мәулен Әшімбаев кездесуге қатысушыларға ілтипат білдіріп, конституциялық реформа Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды жаңғыртулардың дәйекті жалғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл саяси бағдар әділеттілік, заң ...

Читать далее »

Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері таныстырылды

Шымкент қаласындағы «Айна» базары аумағында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған арнайы кездесу өтті. Жиын барысында Қазақстанның «Ауыл» партиясы атынан Шымкент қаласы бойынша өкіл Әлфараби Мыңбай сөз сөйлеп, ұсынылып отырған Конституция жобасының мазмұнына жан-жақты тоқталды. Ол жаңа редакцияда адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Сонымен ...

Читать далее »

Конституциялық реформа – ұлттық келісім мен бірліктің факторы

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Конституциялық реформа – ұлттық келісім мен бірліктің факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға оқу орнының басшылық құрамы мен профессор-оқытушылар қатысып, конституциялық реформалардың мәні, олардың қоғам дамуына ықпалы және ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Мұхамедкәрім Ертаев қазіргі қоғамдық трансформация жағдайында құқықтық жүйені жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. – Қоғам өзгерген ...

Читать далее »

Конституциялық реформа – қоғамдық сананы жаңғыртудың өзегі

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары» тақырыбында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, ел болашағына тікелей әсер ететін конституциялық өзгерістерді жан-жақты талқылады. Жиынға университеттің Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек модераторлық етті. Модератор өз сөзінде Конституциялық реформаның мәні тек ...

Читать далее »

Түркістан облысында Президент тапсырмаларын орындау бойынша іс-шара жоспары әзірленеді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда Мемлекет басшысының 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын іске асыру жолдары талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, аумақтық департамент жетекшілері қатысты. Мәжілісте Мемлекет басшысы жүктеген 7 негізгі бағыт – инфляцияны төмендету, жаңа Салық кодексін тиімді енгізу, цифрлық технологияларды жан-жақты енгізу, жаңа инвестициялық кезеңді бастау, ...

Читать далее »

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды

Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді. Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртатынын атап өтті. Бұл биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Мәжіліс Спикері, ...

Читать далее »

Шымкент: Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Кезекті кездесу «Қырғы базарында» өтіп, онда жеке кәсіпкерлерге — қоғамның ең белсенді әрі еңбекқор санаттарының біріне — тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшы Ердәулет Асанбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан жаңа тарихи даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция елдің ...

Читать далее »

Шымкент: «Парасат» колледжінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Шымкент қаласындағы «Парасат» колледжінің ұжымы елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға орай бас қосып, жаңа Конституция бойынша кездесу өткізді. Іс-шара барысында Орталық Азия инновациялық университеті «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Әділбек Қаныбеков баяндама жасап, Ата Заңның жаңа редакциясында ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде қазіргі жаһандық геосаяси өзгерістер, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, сондай-ақ қоғам сұраныстарының жаңа деңгейге көтерілуі ...

Читать далее »

Эксперты Института парламентаризма выразили поддержку проекту новой Конституции

12 февраля 2026 года в республиканской газете «Egemen Qazaqstan» был официально опубликован проект новой Конституции Республики Казахстан. Работа над документом началась в октябре 2025 года. Республиканский референдум по вопросам конституционной реформы запланирован на 15 марта 2026 года. Гражданам страны предстоит принять важное решение, которое определит дальнейшее развитие политической системы государства. Институт парламентаризма активно участвовал в подготовке предложений по Парламентской реформе. ...

Читать далее »

Парламентаризм Институтының сарапшылары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

2026 жылғы 12 ақпанда республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы ресми түрде жарияланды. Құжатты әзірлеу жұмыстары 2025 жылдың қазан айында басталған болатын. Конституциялық реформа бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған. Ел азаматтары мемлекеттің саяси жүйесінің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды шешім қабылдамақ. Парламентаризм институты Парламенттік реформаға қатысты ұсыныстарды әзірлеу жұмысына белсенді түрде қатысты. Өткен жылдың ...

Читать далее »