Еріктілік стратегиялық бағытқа айналады: Конституция жобасына түзетулер енгізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Еріктілік стратегиялық бағытқа айналады: Конституция жобасына түзетулер енгізілді

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында алғаш рет мемлекет тарапынан еріктілікті қолдау нормасын бекіту ұсынылды. Тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында талқылады.

Мәжіліс депутаты Вера Кимнің айтуынша, еріктілікті конституциялық деңгейде бекіту – оның маңызын мойындау ғана емес, сонымен қатар еріктілер қозғалысын ұзақ мерзімді перспективада дамытуға мемлекеттік қолдау кепілдігін білдіреді.

«Осылайша, еріктілер қозғалысын Конституция деңгейіне көтеру арқылы біз әрбір азаматтың мемлекетті дамыту ісіне қатыстылығын сезінуіне жағдай жасаймыз. Бұл қоғамның неғұрлым тұрақты дамуын қалыптастыруға ықпал етеді», – деп қосты депутат Ислам Сұңкар.

Өз кезегінде депутат Ажар Сағандықова еріктілік тек жастармен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде «күміс еріктілер» қозғалысы белсенді дамып келеді – бұл аға буын өкілдері әлеуметтік осал топтарды қолдауға, тәлімгерлікке және отбасылық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып отыр.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын ...