Ел жаңалықтары — Страница 173 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Қазақ мемлекеттік циркі кезекті қойылымын Қажымұқан атамыздың 150 жылдығына арнап отыр

Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік циркі пандемиялық жағдайға орай ұзақ карантиндік үзілістен соң «Hello Circus» бағдарламасымен көрерменге есігін қайтадан айқара ашты. Қазақ халқының мақтанышы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ұсынылып отырған бағдарламада күштік атлеттер, эквилибристер мен әуе гимнастарының өнеріне басымдық берілген. Сондай-ақ цирк өнерпаздары тілін тапқан түрлі жануарлар мен көзді арбап санаулы секундтар ішінде бірнеше көйлек ауыстырып киген сиқыршы ...

Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (видео)

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды elbasy.kz. Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды. «Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың ...

Читать далее »

«Талғат Мұсабаев қолымнан ұрды»: Бойжеткеннің айыптауына ғарышкер жауап берді

Парламент сенатының депутаты, ғарышкер Талғат Мұсабаев қол көтерді деп өзіне айып таққан бойжеткенге қатысты жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. «Кеше саябақта жолдасым екеуіміз серуендеп жүргенде алдымыздан ит ұстап бір қыз шықты. Ол тура жүгіретін жолмен жүрді. Мен иттің тұмылдырықсыз болғанына ескерту жасадым. Себебі басқа адамдарға қауіп төнуі мүмкін. Соған дөрекі жауап берді. Ол туралы өзі де әлеуметтік желідегі ...

Читать далее »

Қазақты әлемге танытқан алғашқы қазақ

Қазақ халқы от тілді, орақ ауызды шешендеріне, қолына найзасын алып, қасқайып жауына қарсы шапқан батырларына, данагөй абыздарына кенде болмаған. Оларды әрқашан мақтан еткен, есімдерін ұлықтап отырған. Данагөйлер мен батагөйлерді қастерлеген ата-бабамыз алып күш иелерін де құрметтей білген. Ұрпақтарымыз мықты болсын деген халқымыз тау көтерген Толағайларды армандаған. Сондай Толағай, алып күшіне қоса жүректілігі мен ақылдылығы қабаттасқан жан — Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Оның ...

Читать далее »

Күш атасы – Қажымұқан

Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған,Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан.Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан…Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң.Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан… Бұл Мұхтар Шахановтың Қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасов жайында жазған ...

Читать далее »

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Еркін Қайшыбектің шығармашылық көрмесі (видео)

2021 жылдың 11 маусымында Өнер, мәдениет және спорт институты, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментімен бірлесе отырып ұйымдастырылған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркін Қайшыбектің шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өткізілді. Көрмеде ректор Дархан Біләлов сөз сөйлеп, көрме авторы Еркін Қайшыбековке сый сияпатын табыстады. Көрмеге арнайы шақыртылған қонақтар қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ресей ...

Читать далее »

Қажымұқанның мәдениет саласына сіңірген еңбегі талқыланды

Көкшетауда Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Жаһандық күш атасы – Қажымұқан» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Ақмола облысы Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы өткізген шараға Қазақстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары қатысты. «Қажымұқан-аты аңызға айналған тұлға. Ол Алпамыс, Қобыланды, Бөгенбай, Қабанбай сынды ежелгі дала алыптарының тарихи жолын жалғастырған адам. Қазақстанда грек-рим күресінің қалыптасуы онымен байланысты. Біздің ұлы жерлесіміз Қазақстанды халықаралық ...

Читать далее »

Келинка воровала деньги у свекрови для онлайн-игр

35-летняя акмолинка воровала деньги своей свекрови на онлайн-игры. В Степногорске в местное управление полиции обратилась 57-летняя жительница. Она сообщила, что с ее банковского счета пропадают деньги. «По ее словам, неизвестный с помощью банковского приложения похитил 81,5 тысяч тенге с ее счета. В ходе оперативно-розыскных мероприятий стражи порядка задержали 35-летнюю подозреваемую, признавшую свою вину. Злоумышленница оказалась снохой пострадавшей. В конце марта ...

Читать далее »

Қажымұқан ауылы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, мына сайын сахара әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен хан Абылай, Кенесары мен Абай бастаған ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Бүгінгі ұрпақ осынау тұлғаларды мақтан тұтуы тиіс. Міне, ұлтымыздың осындай ұлы тұлғаларының есімімен аталатын ауылдардың бірі – Ордабасы ауданындағы тоқсан жылдық тарихы бар Қажымұқан ауылы. Қажымұқан ауылы 1928 ...

Читать далее »

Тоқаев пен Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

«Қымбатты отандастар! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін фашист басқыншыларына қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы. Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты. Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз ...

Читать далее »

«Мәртебе сізге тиесілі»: Тоқаев Назарбаевқа Ассамблеяның құрметті төрағасы болуды ұсынды

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді, — деп хабарлайды Xnews. «Сізге, аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болу туралы ұсынысымызды қабылдауды сұраймын. Бұл мәртебе сізге халқымыз бен мемлекет алдындағы тарихи еңбегіңіздің арқасында тиесілі. ҚХА-ның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін», — деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында. Нұрсұлтан Назарбаев ...

Читать далее »

Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді. Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, — деп хабарлайды xnews.kz. Бүгін елордада Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті Оның барысында тұңғыш президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының лауазымын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді. «Тағы бір маңызды сәтке назарларыңызды аударғым келеді. Өздеріңіз білетіндей мен 2019 жылдың 18 наурызында президент өкілеттігін ...

Читать далее »

Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды

Бүгін, 27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sputnik V вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы ...

Читать далее »

Қордай оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздікке қатысты 50 адам кінәлі деп танылды (видео)

Таразда Қордай өңіріндегі тәртіпсіздіктерге қатысты сот үкімі оқылды, 50 адам кінәлі деп танылды, тек бір адам ақталды 2020 жылдың желтоқсан айының басында Таразда басталған Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты сот тағы бір істі қарады. Сотталушы орындығында 51 адам, олардың 33-і — қамауда, ал 16-сына қатысты кепіл ретінде бұлтартпау шарасын таңдалды, тағы екеуі — ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта, деп хабарлайды Sputnik. Бұл ...

Читать далее »

Қажымұқанның ұрпағы Көкшетауға жәдігерлер алып келді

Даңқты бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасовтың төлқұжаты, киімі, жол сөмкесі, сүлгісі мен фотосуреттерін оның ұрпағы Меруерт Ескермес Көкшетауға алып келді. Әлем чемпионы атағын алған тұңғыш қазақ палуанының туғанына 150 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция мен көрме ұйымдастырылды. Атақты палуанның шөпшегі 15 жылдан бері ата-бабасының есімімен аталатын мұражайда жұмыс істейді. Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданында орналасқан. Мұражай 1976 жылы құрылған. — Палуанның ...

Читать далее »

Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап тағы рекорд орнатты

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады. «Қазақтың даңқты палуаны, күш атасы – Қажымұқан атамыздың 150 жылдығына осы рекордымды арнаймын, Aлла разы болсын баршаларыңызға», — деп жазды балуан Instagram-дағы парақшасында. Ұсынылған видеодан балуанның түйені көтерген бойы 30 қадамдай жүріп өткенін көруге болады. Темір Сыпатаев осыған ...

Читать далее »

Елордада Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын тойлау басталды

Бүгін елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат колледжінде қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150-жылдығын тойлауға арналған салтанатты шара өтті Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алаштың алып тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың мерейтойын Министрлік республикалық деңгейде атап өтуге дайындалып жатқандығын айтты. «Қажымұқан атамыз — бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған азамат. ...

Читать далее »

Қажымұқанның 150 жылдығын тойлау басталды

Бүгін елордада даңқты қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы басталды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысқан іс-шара Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық білім ордасында өтті. Министр алдымен даңқты балуанның атына берілген бірден-бір мекемені аралап шықты. Бұл — біздің мемлекетіміздің алғыр саясатының арқасы. Қазіргі таңда саламатты өмір салтын ұстану мен спортпен шұғылдануға мемлекет көп көңіл бөліп отыр. Бұл ...

Читать далее »

Қажымұқанның туған жері балуанның 150 жылдығын атап өтті (видео)

7 сәуір даңқты жерлесіміз, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың дүниеге келген күні. Биыл батыр балуанның туғанына тура – 150 жыл. Дәл осы тарихи күн қарсаңында Қажымұқанның бүгінгі ізбасары саналатын әлемнің 4 дүркін чемпионы Сергей Цырульников әлемдік рекорд орнатты. Атақты балуан атындағы ауылда өткен шараға әріптесім Абзал Азаматұлы да қатысып қайтты. Сергей Цырульников әрбіреуі 940 келіге шыдайтын төрт бірдей темірді небәрі ...

Читать далее »

Бүгін Күш атасы Қажымұқанның туғанына — 150 жыл

Қазақ даласының батыры — Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Әлемдік аренада алғаш рет 1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста жеңімпаз атану арқылы әйгілі болған палуан дүниежүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды палуандармен күрескен. Бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, ...

Читать далее »