АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысына Азия даму банкінің өкілдері келді. Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының трансұлттық дәлізінің әлеуетін пайдалану мәселелерін зерделеді. Осы мақсатта Түркістан облысындағы Сарыағаш, Мақтаарал, Келес аудандары мен аймақ экономикасының инвестициялық және көліктік-логистикалық әлеуетімен танысты.
Азия даму банкінің Қазақстандағы операциялары экономикалық әртараптандыруды, инклюзивті дамуды және орнықты өсуді қолдауға бағытталған.
АДБ сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына белсенді қатысуын қолдайды.
Айта кетейік, Азия даму банкінің өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуетін арнайы таныстыру сүйемелдеу жұмыстарын «Turkistan invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту агентігі жүргізді.
x

Check Also

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Амфитеатр» кешенінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы ...

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті ...