ӘЛІМТАУЛЫҚТАРҒА ЕНДІ ТАЗА АУЫЗ СУ ҚОЛЖЕТІМДІ

Республика күні мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданы, Әлімтау елді мекеніндегі 1198 тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді. Осыған орай аудан әкімі Мұхит Отаршиев тұрғындарды арнайы құттықтады.
– Біз үшін ауылды көркейту, ауыз сумен қамту, көгілдір отын жеткізу және халықтың әл-ауқатын арттыру – басты назардағы мәселе. Алдағы уақытта да аудан аумағындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Мұның барлығы да Мемлекет басшысының жыл сайынғы біздерге арналған Жолдаулары мен тиісті міндеттемелерінің арқасында мүмкін болып отырған игілік деп білемін, – деді аудан басшысы.
Ауыл ақсақалдары тұрғындардың атынан басшылар мен мердігер компанияға ризашылығын жеткізді.
Әлімтау елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, биыл пайдалануға берілді. Жобаға сәйкес елді мекенде екі ұңғыма қазылып, 21,8 шақырым ауыз су құбырлары тартылды. Сондай-ақ ұңғымадан шыққан суды тазалауға арналған екі дана мембрана қондырғылары орнатылды.
Айта кетсек, жалпы ауданда тұрғындардың санына шаққанда орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылу деңгейі 74,5 пайызды құрайды. Биыл елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 8 нысанның құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
x

Check Also

Түркістандық сарбаз “Үздік шекарашы” атанды

Түркістандық сарбаз Бексейіт Кәдірбек “Шекараны үздік күзеткені үшін” медалімен марапатталды. ҚР ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Ермек Сағымбаевтың және Шекара қызметі директоры ...

Түркістан: Қалалық сот төрағасы тағайындалды

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қалалық сотының төрағасы Лебаев Әділбек Ғұламұлын таныстырды. Сондай-ақ, Президенттің 2025 жылғы 10 ақпанындағы №778 ...