Ел жаңалықтары — Страница 146 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Елімізге 28 миллиард доллар инвестиция тартылды

Өткен жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Сондай-ақ елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті», деді ...

Читать далее »

Ұлттық қор – балаларға: Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық ...

Читать далее »

TikTok-те құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды – ҚМА

Қазақстанда 2023 жылы TikTok-те құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен. «Биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды. Айта кетейік, қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Ойыншылардың күнделікті саны мыңдаған адамдармен өлшенді. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша үкімдер шықты (қалған істердің тергеуі жалғасуда). ...

Читать далее »

Әр азамат несие немесе қарыз алуға шектеу қоя алатын болды (видео)

Бүгіннен бастап әр қазақстандық өз еркімен несие, не болмаса микрокрдеит ұйымынан қарыз алуға шектеу қоя алады. Ол үшін eGov.kz порталында кредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беруі керек. Ешбір алаяқ бұдан кейін сіздің атыңызға банктен кредит рәсімдей алмайды. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл қызмет түрі ең әуелі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қосылған. Қарыз алудан ерікті ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Президент референдум арқылы жаңартылған Конституция ұлтты ұйыстырудың нағыз символына айналғанын атап өтті «Құрметті отандастар! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын! Ата заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз», — дейді Тоқаев. Осы орайда мемлекет басшысы былтырғы жалпыұлттық референдум еске алды. Оның айтуынша, референдум арқылы жаңартылған Конституциямыз ұлтты ұйыстырудың ...

Читать далее »

Интернет-алаяқтарынан қалай сақтануға болады?

Жасырып қайтеміз, ай бойына қарызға батып, айлық алған кезде қалтаны қағып, несие төлеп, берешек беріп «жарысатынымыз» аз емес. «Келер жері кең болсын» деп жіберген қызыл-жасыл қағаздарымыздың сауатты, сауатсыз жұмсалғаны бар, «бекер алдымға» басып бас қасытқаны қаншама. Әсіресе, алаяқтарға арбалып, армандары көкке ұшқан жандар да жүр арамызда. Интернет-алаяқтықты болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне қарамастан, тұрғындар арасында алаяқтардың құрбаны ...

Читать далее »

Шетелдік интернет алаяқтар

№1 ереже: ешқашан алдын ала төлемді шетелге жібермеңіз. Өкінішке қарай, интернетте қолданушылардың ақшаларын алаяқтық жолмен алуды көздейтін алаяқтар өте көп. Олар хабарландыруларды қол жетімді ресурстарда жариялайды, мұнда экзотикалық жануарлар мен құстарды, асыл тұқымды иттерді және мысықтарды, ноутбуктерді, фототехниканы, телефондарды, шетелден элиталық автокөліктерді өте төмен бағамен сатуды ұсынады. Мәміленің шарттары – ақшалай аударым арқылы алдын ала төлем (тасымалдау үшін ақы). Нәтижесінде ...

Читать далее »

Арзан бағада жалға үй беремін деген

ПБ-ның тәртіп сақшылары «Hi-Tech» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында астаналықтарды интернет-ресурстары арқылы алдап кеткен 26 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті «Krisha.kz» сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ...

Читать далее »

Риэлторлар алаяқтардан сақ болуға шақырады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риелторлар қауымдастығының өкілдері пәтер жалдайтын кезде өте сақ болуды ескертті. Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко атап өткендей, оқу жылының алдында студенттердің келуіне байланысты тамыз айында тұрғын үйді жалға алу бағасының өсуі қалыпты жағдай. «Біз нарықтық экономикада көптен бері өмір сүріп келеміз және бағалар ұсыныс пен төлемге қабілетті сұраныстың әсерінен ...

Читать далее »

Интернеттегі алаяққа арбалмаудың жолы қайсы?

Қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселелерінің бірі – интернет алаяқтық. Шын мәнінде, қарапайым қауіпсіздікті сақтауға немқұрайлы қарайтын ел-жұрттың басым бөлігі алаяқтардың құрбанына айналған. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілер әсіресе, әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Сондай-ақ, олар интернетте жалған хабарландырулар орналастырып, аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасауды да қолға ала бастады. Осылайша, бұрындары «қорадағы малым жоғалды» деп полиция ғимаратының ...

Читать далее »

Банк атын жамылған алаяқтар

Елде қаржы пирамидалары «балалатқан», екінші деңгейлі банктердің атын жамылған алаяқтарға қатысты оқиғалар қоюланып кетті. Соңғы кезде алаяқтар құбылмалылыққа, валюталық шектеулерге, ішінара жұмылдыруға байланысты жаңа сценарийлерге көшті. Мазасыздық тудырған оқиғаның бәрі алдап-арбауға жол ашты. Банк несиесі пайызының тым жоғарылығы олардың қолындағы көзір картасына айналды. Ә дегенде арбаған ұсыныс асығыс шешім қабылдауға мәжбүрледі. Банк атынан азаматтарға телефон соғып, қызметтерді ұсынатын алаяқ­тар айылын ...

Читать далее »

Полиция департаменті кибер қылмыстың жаңа түрі туралы ескертеді

Алаяқтар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып сіздің жақындарыңыз жол-көлік оқиғасына тап болды немесе басқа да заңсыз әрекеттерді жасады деп алдап, бұл жағдайды шешу үшін ақша сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда уақыт өткізбей 102 операторына қоңырау шалып, айтылған ақпараттың шынайылығын тексере аласыз, себебі орын алған оқыс оқиғалар міндетті түрде 102 операторына тіркеледі. Сондай-ақ, белгісіз адамдар Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы әртүрлі заттарды ...

Читать далее »

Қазақстанға Ресейден арнайы келіпті

Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған дроппер полицейлердің қолына түсті. Алдын ала ақпарат бойынша күдіктінің шотындағы ақша 104 миллион теңгеден асады. Алаяқтар Kaspi банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, банктік шоттар туралы ақпаратты біліп, шотты бұзуға тырысып жатқанына барынша сендірген. Жәбірленушінің айғақтары бойынша ол ешқандай хабарламалар, кодтар немесе жеке мәліметтер бермеген және олардың нұсқауларын орындамаған. Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде 24 ...

Читать далее »

“Жер алып беремін саған”

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы “12 соттық жер алып, заңдастырып беремін” деп сендіріп, 900 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Алайда бір жылдан астам уақыт өтсе де, не жерін ала алмаған, не ақшасын қайтармаған. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға ...

Читать далее »

Алаяқтардың арбауына кімдер түседі?!

Кейінгі кездері алаяқтың түрлі айла-шарғысы көбейіп кетті. Олар адамдарға банктен немесе полициядан қоңырау шалып тұрғанын айтып, түрлі сылтаумен ақша сұрайды. Психолог Эльвира Сорокина айтуынша, телефон алаяқтарының айла-шарғысына жиі мына адамдар түсетінін айтты: Мінезі қызба немесе мазасыз адамдар; Сол сәтте өмірдегі жағымсыз жағдайды бастан өткеріп жатырған адамдар. Олардың психикасы сыртқы шабуылдарға әлсіз бола түседі; Қарт кісілер. Олар бұл жаста өте сенгіш ...

Читать далее »

Өзіңізге әрі ақшаңызға абай болыңыз!

Бүгінгі күні ақша аударымдары біздің күнделікті өмірімізге мықтап енген. Мысалы, ақшаны жақындарыңызға тек банктік қосымшалар арқылы ғана емес, сондай-ақ ақша аударымдарының арнайы сервистерін пайдалана отырып, әртүрлі тәсілдермен жібере аласыз. Алайда ақша аударымдарының ыңғайлылығы мен қол жетімділігі алаяқтар үшін пайда көрудің тағы бір тәсілі болды. Aлаяқтардың ақша аударымдарымен байланысты ең танымал тәсілдерін қарайық. «Мама, бұл — мен!» Егер адам туғандары мен ...

Читать далее »

Алаяқтар жаңа қосымша арқылы ақша ұрлайды

Алаяқтар қазақстандықтардың шоттарынан жаңа қосымша арқылы ақша ұрлай бастады. Алаяқтар құрбандарын тез тауып, ес жиғызбай әрекетке көшетін көрінеді. Олар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің адамдарымыз деп таныстырып, алаяқтықпен күресіп жатқандарын, жәбірленушілердің есепшоттарынан күдікті операциялар жасалып жатқанын айтады. Олар адамдарға қасақана өтірік айтып, ақшаны үнемдеу үшін ұялы телефонға RustDesk қолданбасын жүктеп алуды өтінеді. Шын мәнінде, бұл қосымша кейіннен смартфонға және тиісінше жәбірленушінің ...

Читать далее »

Алаяқтар сіздің атыңыздан несие алса, не істеу керек? (видео)

Көкірек көзі ашық мына заманда біреудің арбауы мен алдауына түсіп, интернет-алаяқтыққа тап болып жатқандардың қатары көбейгенін естігенде еріксіз бас шайқайсыз. Егер алаяқтар сіздің атыңыздан несие алып және ол туралы сіз білмесеңіз не істеу керек? Заңгер Венера Нұрғалиқызының жауабы. Заңгер бірінші кезекте жеке басыңызды куәландыратын куәліктен бастап, деректеріңізді ешқандай жанға бермеу керектігін ескертеді. Сонымен қатар кредиттік тарихыңызды алып, оны жиі тексеріп ...

Читать далее »

Астанада атышулы LRT құрылысы қайта жанданды (видео)

  Астанада LRT жобасына мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 152 млн доллар қаржы бөлінген. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды.   Телеарнаның хабарлауынша, Астанадағы LRT пойыздарына қашықтан басқару жүйесі енгізілуі мүмкін. Бүгінде жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылысымен қытайлық компания айналысуда. Қала әкімдігі жобаны 3 жылда аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Телеарна мәліметінше, жобаны жеделдету мақсатында LRT құрылысы екі кезеңге бөлінеді: 2025 жылға ...

Читать далее »

Интернет-жарнаманың қаупі

Күн сайын интернет кеңістігінде мыңдаған жарнама ұсыныстарын көреміз. Ол барлық жерде: қосымшаларда, әлеуметтік желілерде, сайттарда. Мұндай жарнама бір қарағанда еш зиянсыз көрінеді. «х» белгісін басып, одан әрі таңдалған фильмді немесе жаңалық топтамасын оқыңыз. Алайда осындай «х» белгісінің біреуі адамдарды жалған веб-сайттарға бағыттауға және пайдаланушылардың гаджеттеріне вирустар енгізуге қабілетті. Мезі ететін жарнамада қандай қауіп бар екендігін және олардан қалай қорғану қажеттігін ...

Читать далее »