Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 250 мыңнан астам адам қамтылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 250 мыңнан астам адам қамтылды

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 254,1 мың қазақстандық қатысты. 186,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 67,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 119,7 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 11,1 мың адам, жастар практикасында 8 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 82,3 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 4,2 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 137 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 30,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 27,3 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 33,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 21,9 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 93,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық, сомасы 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...