Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында балаларға арналған ашық есік күні «Асар» шағын ауданында орналасқан Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында ұйымдастырылды. Таңғы сағат 9.00-ден бастап 14.00 аралығында дәрігерлер жас пациенттерді қабылдап, кеңес берді. Қаралуға келген балалардың көңіл-күйін көтеру үшін арнайы аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері шақыртылған. Көңілдері көтерілген балалар аналарымен бейінді мамандардың қабылдауында болып, УДЗ мен зертханалық тексерулерден өтті. Ашық есік күні ...
Читать далее »Авторские архивы: editor
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкент қаласында жыл басынан бері 36 548 адам коронавирус жұқтырған болса, бүгінде 35 399 науқас емделіп, сауығып шықты. Бүгінге 92 науқас емделіп жатыр, оның ішінде стационарда 78 науқас, 14 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап 3677 төсек-орын жабылды. Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 20 пайызды ...
Читать далее »Шымкенттік мұғалім автокөлік жеңіп алды
Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Оқушылар сарайында «Тәуелсіз ел — тұғырым» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан көпшілікті мерекемен құттықтап, мектеп ұстаздарын «Ерен еңбегі үшін» және «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» төсбелгісімен марапаттады. Іс-шарада «Айбын — 2021» VІІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны қорытындыланды. – Тәуелсіздік әр азамат қастерлейтін құндылық. Соңғы 30 жылдың әр он жылдығы ...
Читать далее »Шымкент жастары этномузейге саяхаттады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Қылует» этномузейіне саяхат ұйымдастырды. Саяхатта оқушылар «Қылует» этномузейінің авторы, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесті. Музейдің бір бөлігі жеті метр жердің астында орналасқан қылует — жер асты мешіті болып табылады. Қылуеттің ішіндегі алғашқы бөлме ...
Читать далее »«Дәстүрлі және ғұрыптық әндер» этно-танымдық шарасы өтті
Бүгін Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында көне заманнан келе жатқан асыл мұраларымызды, ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ән қазынасын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дәстүpлі және ғұрыптық әндер» этно-танымдық шарасы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасында өткен этно-танымдық шарада өңірімізге белгілі өнерпаздар қазақ халқының мерей тұтар асыл мұрасы, бүгінгі ұрпаққа жеткен дәстүрлі өнердің қаймағы ғұрыптық әндер-бесік ...
Читать далее »Қала әкімі полиция қызметкерлерін марапаттады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Шымкент қаласының Полиция департаментінде мерекелік жиын өтті. Салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ішкі істер органдарының басшылары мен жеке құрамды мерекемен құттықтап, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мемлекеттік наградаларды табыстады. Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерінің жетістіктерін атап өткен қала әкімі, қаламызда тәртіп сақшыларының азаматтарға қызмет көрсету жолында жаңа бастамалар жүзеге асқанын айтты. – ...
Читать далее »«Жоғалған жұрнақ» драмасының премьерасы өтті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрында М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасы сахналанды. Премьераны шығарма авторы М.Байғұт, зиялы қауым өкілдері мен жастар тамашалады. Оқиға Мәскеуде оқып жүрген жас, елгезек Жұрнақтың 1986 жылы желтоқсанда сүйген қызы Алманың туған күніне Алматыға келуімен басталады. Достарымен қауышып, көрген-білгенін бөліскен Жұрнақ Мәскеудің қазақтарға деген теріс көзқарасын жасыра алмайды. ...
Читать далее »Еңбек адамдары марапатталды
Шымкентте Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда өткен мерекелік кешке аудан басшылары, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты. Алдымен Еңбекші ауданының жетістіктері туралы бейне-ролик көрсетілді. Аудан әкімі Досбол Есілбектің айтуынша, 1991 жылдан бері аудан халқының саны 3 есеге артып, 110 мың адамнан 340 мың тұрғынға жеткен. Бүгінде ауданға ...
Читать далее »Шаңырақ шағынауданында жаңа емхана ашылды
Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 мыңға жуық тұрғыны бар Шаңырақ шағынауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа «Дария-Медикус» алғашқы санитарлық-медициналық көмек орталығы ашылды. Емхананың ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Бір ауысымда 550 кісі қабылдай алатын емханада алғашқы медициналық-санитарлық, консультативті-диагностикалық, күндізгі стационар, физиотерапия, оңалту секілді көмек түрлері көрсетіледі. МРТ, КТ, рентген, маммография және өзге де заманауи үлгідегі медициналық құрал ...
Читать далее »Қалада 9 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдері еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Үкімет басшысы вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты. Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келген. Коронавирустық инфекцияға қарсы бұл вакцинамен тиісті контингенттің 112 437 адамды егу жоспарланды, оның ішінде 8 740 жүкті әйелдер (15-40 апта), 87 697 адам ...
Читать далее »Шымкенттің 2022 жылғы бюджеті 468 миллиард теңге болып бекітілді
Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өтті. Онда депутаттар Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы шешім қабылдады. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Сессия жұмысына мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық етті. Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкемановтың айтуынша, қаланың 2022 жылғы бюджетінің шығыс бөлігі 468 миллиард теңге көлемінде белгіленген. Оның ішінде қаланың даму ...
Читать далее »Шымкент: «Тәуелсіздік тарихы» форумы өтті
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында үшінші мегаполисте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен форум ұйымдастырылды. Көрме орталығында өткен жиынға басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов, Шымкент қаласылық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Зәуре Оралбаева, Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Ермұхамбет Қуандықов, тарих ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының басшысы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ...
Читать далее »Шымкентте инсулинді шприц, инелер шығаратын зауыт іске қосылды
Шымкентте Тәуелсіздік күнінің қарсаңында бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Green Cross Eco» компаниясының «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан инсулинді шприцтер мен оның инелерін өндіретін зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, лентасын қиды. –Тәуелсіздік жылдарында елімізде индустриаландыру саясаты белсенді түрде жүргізіліп келеді. Шымкенттің өзінде 2 индустриалды, 1 арнайы экономикалық және 1 көлік-логистикалық аймақ жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда тағы ...
Читать далее »Қалалық ауруханада тұзды шахта ашылды
Шымкентте Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында тұзды шахта бөлмесі ашылды. Мұнда коронавирус және пневмонияға шалдыққан науқастар оңалту емінен өте алады. Аурухана базасында бұған дейін ковидтен кейінгі қалпына келтіру бөлімшесі ашылған болатын. Бөлімшеде ем қабылдайтын науқастар енді тұзды үңгірде денсаулығын сауықтыра алады. Оңалту орталығында 7-10 күн аралығында денсаулығын нығайтуға мүмкіндік бар. Коронавируспен ауырған науқас үшін ем алу тегін. Барлық шығын мемлекеттік ...
Читать далее »Тігіншілік кәсібін меңгерген аналарға сертификат табысталды
Шымкенттегі «Бақытты жанұя» орталығында 45 күндік тігін курсын оқып, жаңа мамандық меңгеріп шыққан 8 көпбалалы аналарға салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады. Оқу курсы «Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлесе жүргізіліп, аталған үкіметтік емес ұйымның 4 жылдық мерейтой кешінде тігіншілер марапатталды. Сахнаға тігінші келіншектер өздері тіккен ұлттық нақыштағы камзолдарымен шығып, өз қолдарынан шыққан өнімдерін ...
Читать далее »Шаһарда «Тіл — тәуелсіздік тұғыры» атты конференция өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Шымкентте қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл — тәуелсіздік тұғыры» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы, М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек және өзге де тіл мәртебесі үшін өлшеусіз еңбек етіп жүрген азаматтар мен лингвист мамандар қатысты. Конференцияны кіріспе сөзбен бастаған орталық директорының міндетін атқарушы ...
Читать далее »Шымкентте жылдың ең үздік жастары анықталды
Үшінші мегаполисте жылдың үздік 30 жасы марапат төрінен көрінді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында қалалық жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар 30 номинация бойынша марапатталды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен салтанатты жиында дәстүрлі «Үздік Жастар — 2021» премиясының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жастарды ел ...
Читать далее »Нұртас шағынауданында ауыз су мәселесі шешілді
Шымкент қаласы, Қаратау ауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан Нұртас шағынауданын инфрақұрылыммен қамту үшін биылғы жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы жағдай жасау тапсырмасы негізінде жүзеге асырылды. Нәтижесінде Нұртас шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл шағын ауданға жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын су құбыры орнатылып, абоненттеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Сондай-ақ, Нұртас ...
Читать далее »Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлей аласыз
Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады. Ол үшін «Kaspi» қосымшасын жүктеп, валидатордағы немесе автобус кіреберісінде орнатылған QR кодты сканерлеу қажет. Егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе Төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR код бойынша оп-оңай төлей аласыз. Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге. Тексеру кезінде міндетті түрде электронды билетті көрсету қажет. QR код арқылы ...
Читать далее »Шымкентте әлеуметтік қолдау орталығы ашылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды. Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға түрлі қызметтер көрсетіп, олардың бас қосатын орнына айналмақ. Қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықты аралап, онда көрсетілетін қызметтермен танысып шықты. М.Әйтеновтің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Оларға мемлекеттік жәрдемақымен қоса медициналық оңалту және ем түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал ...
Читать далее »