Тігіншілік кәсібін меңгерген аналарға сертификат табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Тігіншілік кәсібін меңгерген аналарға сертификат табысталды

Шымкенттегі «Бақытты жанұя» орталығында 45 күндік тігін курсын оқып, жаңа мамандық меңгеріп шыққан 8 көпбалалы аналарға салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Оқу курсы «Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлесе жүргізіліп, аталған үкіметтік емес ұйымның 4 жылдық мерейтой кешінде тігіншілер марапатталды. Сахнаға тігінші келіншектер өздері тіккен ұлттық нақыштағы камзолдарымен шығып, өз қолдарынан шыққан өнімдерін көпшілікке таныстырды.

Түрлі киім үлгілерін пішіп, тігуді меңгерген аналар балаларына, отбасыларына арнап тіккен киімдерден жасалған кішігірім көрме ұйымдастырды. «Балық берме, қармақ бер» демекші, көпбалалы аналарға келешекте осы игерген кәсіптерін өз үйінде отырып жалғастыруға мүмкіндік берілді.

 

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...