Шымкент жастары этномузейге саяхаттады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент жастары этномузейге саяхаттады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Қылует» этномузейіне саяхат ұйымдастырды.

Саяхатта оқушылар «Қылует» этномузейінің авторы, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесті. Музейдің бір бөлігі жеті метр жердің астында орналасқан қылует — жер асты мешіті болып табылады.

Қылуеттің ішіндегі алғашқы бөлме – «Қыш кітаптар бөлмесі», екіншісі – «Махаббат бөлмесі», одан кейінгі бөлме – мешіт, келген адамдар бұл жерде отырып құран оқиды.

Ең соңғы бөлме «Аспан мен жердің арасы» деп аталады. Бұл бөлмеде төбедегі арнайы тесіктен жарық түсіп, температура күні-түні 25 градус болып тұрады. Этномузейдің басқа бөлігі ежелгі ортағасырлық әдіспен салынған.

Жас оқырмандар бабалар мұрасын бойына сіңіріп, дәстүрін жаңғыртып жүрген, Қазақстандағы қолданбалы археологияның негізін қалаушы, көне Отырардың құмырашылық кәсібінің технологиясы мен дәстүрін қалпына келтірумен айналысатын Кендебай ағаның өнеріне тәнті болып, керемет әсер алғандарын жеткізді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...