Еңбек адамдары марапатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Еңбек адамдары марапатталды

Шымкентте Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда өткен мерекелік кешке аудан басшылары, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты.

Алдымен Еңбекші ауданының жетістіктері туралы бейне-ролик көрсетілді. Аудан әкімі Досбол Есілбектің айтуынша, 1991 жылдан бері аудан халқының саны 3 есеге артып, 110 мың адамнан 340 мың тұрғынға жеткен. Бүгінде ауданға қосылған елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту мен әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Салтанатты жиында Еңбекші ауданындағы түрлі салада жұмыс істейтін мамандар аудан әкімінің қолынан марапат алды. Қызметіне құрмет көрсетілген жандардың қатарында жылдың үздік слесары мен электршісі, аула сыпырушысы секілді қарапайым еңбек адамдары да бар.

Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...