Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының стратегиялық тірегі, ал еңбек адамы – мемлекет байлығының негізі — Xnews — ақпарат агенттігі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының стратегиялық тірегі, ал еңбек адамы – мемлекет байлығының негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, аграрлық саланың ел экономикасындағы стратегиялық маңызына, ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне және еліміздің алдағы даму басымдықтарына тоқталды.

Президент ауыл шаруашылығының дамуы елдің экономикалық әлеуетін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан, еліміз бойынша 24,5 миллион тонна астық жиналды. Мемлекет басшысы бұл нәтижеге үлес қосқан диқандар мен ауыл шаруашылығы саласының барлық еңбеккеріне алғыс білдірді.

Сонымен қатар форум барысында су ресурстарын үнемдеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері көтерілді. Президент Үкімет пен тиісті министрлікке айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелерді назарға алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы адал еңбек пен жауапкершіліктің ел өркендеуіндегі маңызын ерекше атап өтіп, «Еңбек төрге оздырады» деген халық даналығын алға тартты. Оның айтуынша, елдің дамуы мен өрлеуіне өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың еңбегі негіз болады.

Сондай-ақ Президент биылғы Жолдауда жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасына тоқталды. Оның аясында еліміздің барлық өңірінде емханалар, ауруханалар, балабақшалар, мектептер, мәдениет және спорт нысандары салынып, жол инфрақұрылымы жаңғыртылады. Бұдан бөлек, атом, су және электр станциялары, деректерді өңдеу орталықтары бой көтереді.

Бұл бастамалардың барлығы елдің өндірістік және энергетикалық әлеуетін арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға және халықтың тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған.

➖

Касым-Жомарт Токаев: Сельское хозяйство — стратегическая опора национальной экономики, а труженик — основа богатства государства

Выступая на III Форуме работников сельского хозяйства, Глава государства Касым-Жомарт Токаев отметил стратегическую значимость аграрного сектора для национальной экономики, вклад сельских тружеников и приоритеты дальнейшего развития страны.

Президент подчеркнул, что развитие сельского хозяйства играет ключевую роль в укреплении экономического потенциала государства. Несмотря на неблагоприятные погодные условия в текущем году, по всей стране было собрано 24,5 миллиона тонн зерна. Глава государства выразил благодарность аграриям и всем работникам сельскохозяйственной отрасли, внесшим свой вклад в достижение этого результата.

Кроме того, в ходе форума были подняты такие вопросы, как сохранение водных ресурсов, эффективное использование пастбищных угодий и улучшение социальных условий жизни сельских тружеников. Президент поручил Правительству и профильному министерству принять во внимание выдвинутые предложения и обсужденные актуальные проблемы.

Подчеркивая значимость честного труда и ответственности для процветания страны, глава государства привел слова из народной мудрости: «Усердный труд ведет к почетному месту». По его словам, развитие и прогресс государства строятся на усилиях граждан, которые подходят к своей работе с чувством ответственности.

Президент также затронул программу «Народное строительство», анонсированную в Послании этого года. В её рамках во всех регионах страны будут построены поликлиники, больницы, детские сады, школы, а также объекты культуры и спорта; кроме того, будет модернизирована дорожная инфраструктура. Помимо этого, предусмотрено создание атомных, гидро- и тепловых электростанций, а также центров обработки данных.

Все эти инициативы направлены на укрепление промышленного и энергетического потенциала страны, развитие социальной инфраструктуры и повышение качества жизни населения.

x

Check Also

Новые задачи исторического цикла

В Шымкенте обсудили реализацию Послания Президента и роль искусственного интеллекта в развитии городов. В университете дружбы народов им. Куатбекова состоялась ...

Жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттер

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру және жасанды интеллектінің қалаларды дамытудағы рөлі талқыға түсті. Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Мемлекет басшысының ...