Түркістан облысының оқушылары республикалық олимпиадада гран-при жеңіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының оқушылары республикалық олимпиадада гран-при жеңіп алды

Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білім бәсекесінде Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте Гран-при жүлдесін иеленді.

Республикалық білім додасында өңір намысын қорғаған 30 оқушының 20-сы жүлдегер атанды. Оның ішінде 6 оқушы І орын, 8 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар екі оқушы мақтау қағазымен марапатталды.

І орын иегерлері:
1. Жәнібекқызы Дарина – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
2. Касимова Адия – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
3. Балтабай Марлен – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
4. Абдугафуров Нұрдәулет – Сауран ауданы, 11-сынып.
5. Нурханова Мазмуна – Сауран ауданы, 10-сынып.
6. Тайыр Кәусар – Отырар ауданы, 10-сынып.

ІІ орын иегерлері:
1. Ахмедов Лазизбек – Сайрам ауданы, 11-сынып.
2. Улугбекова Чарос – Сайрам ауданы, 11-сынып.
3. Кемелхан Нұрасыл – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
4. Ким Эвелина – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
5. Хикматуллаева Сабина – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
6. Мубашарова Шахзода – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
7. Шахапова Шахзода – Кентау қаласы, 10-сынып.
8. Тажибай Арай – Жетісай ауданы, 10-сынып.

ІІІ орын иегерлері:
1. Темирхан Айзере – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
2. Қазбеков Қуаныш – Сауран ауданы, 11-сынып.
3. Жақсылық Інжу – Шардара ауданы, 10-сынып.
4. Пайзхан Мәдина – Жетісай ауданы, 11-сынып.
5. Құрбанәлі Аяжан – Отырар ауданы, 10-сынып.
6. Нұрбекқызы Жанерке – Созақ ауданы, 10-сынып.

Республикалық олимпиададағы бұл жарқын жетістік – оқушылардың табанды ізденісі мен білімге деген құштарлығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жетекшілердің жүйелі жұмысының, ата-аналардың қолдауының нәтижесі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бөрте ханымның тарихи келбеті

Алматыда «Ұлы Жібек жолымен» XIV халықаралық кітап және полиграфия көрмесінің алғашқы күні Arman-PV баспасынан жарық көрген «BÖRTE. Ұлы дала патшайымы» ...

17 золотых медалей: Аким Туркестанской области чествовал чемпионов мира по армрестлингу

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился со спортсменами региона, показавшими высокие результаты на 47-м чемпионате мира по армрестлингу, прошедшем в ...