Жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттер — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттер

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру және жасанды интеллектінің қалаларды дамытудағы рөлі талқыға түсті. Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесу іс-шарасы өтті.

Қоғам алдында тұрған міндеттер ауқымды әрі маңызды. Жиын барысында атап өтілгендей, 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде, 2026 жылы және 2027 жылдың алғашқы екі айында 1,6 трлн теңге қарастыру көзделген.

Бірінші кезектегі міндеттер қатарында денсаулық сақтау саласындағы 70-ке жуық, білім беру, спорт және мәдениет салаларындағы 50-ге жуық нысанды дамыту, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті тарта отырып, газбен және сумен жабдықтау инфрақұрылымын жетілдіру бар.

«Жолдауда Әділетті Қазақстанды құрудың негізі қаланған. Президент Үкімет пен әкімдерге қалалардың цифрлық егіздерін әзірлеуді тапсырды. Бұл цифрлық платформада қалада болып жатқан барлық үдерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, цифрлық егіз арқылы мектеп құрылысының қай кезеңде тұрғанын көруге болады. Жобаның басталуынан бастап құрылыс жұмыстарының аяқталуы мен нысанды қабылдау актісіне дейінгі барлық кезеңді бақылауға мүмкіндік туады. Құрылысқа қандай материалдар пайдаланылғанын, қанша бетон жұмсалғанын және оның құрылыс мерзіміне жеткілікті-жеткіліксіз екенін де қадағалауға болады», – деді Қуатбеков атындағы университеттің проректоры Талжан Раимбердиев.

Цифрландыру мен жасанды интеллект саласын дамытуға да ерекше мән беріліп отыр. Digital Qazaqstan стратегиясы аясында технологияларды іс жүзінде қолдану, жасанды интеллектіні коммерцияландыру міндеттері қойылған.

Нақты бастамалар қатарында логистика саласындағы Smart Cargo жүйесі, су ресурстарын есепке алудың бірыңғай платформасы, мектептерде жасанды интеллект негіздерін оқыту, Al-Sana бағдарламасы және ауыл мектептеріне арналған Qazaq Digital Mektebi моделі бар.

x

Check Also

Нұрлан Әбдіров Түркістан облысындағы сайлау науқанына дайындықты тексерді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, алдағы мәслихат депутаттары сайлауының ұйымдастырылу ...

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері кеңес отырысында талқыланды

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.​ Жиынды Кеңес төрағасы Орынбасар ...