Месячные архивы: Март 2025

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды.

Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі- психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады. Алғаш рет ашылған “Науқастар мектебінде” денсаулық орталығының мамандары психо белсенді заттарға тәуелді науқастар мен жанұясындағы азаматтарға қолдау көрсетіп, кәсіби ...

Читать далее »

Түркістан облысында кезекті «Үлгілі ауыл» байқауы басталады

Түркістан облысында сәуір айынан бастап «Үлгілі ауыл» байқауының жаңа кезеңі басталады. Биылғы ережеге сәйкес, аудан орталықтары сайысқа қатыстырылмайды. Сондай-ақ, байқау ережесіне «Жомарт түлек» тұжырымдамасы да енгізілмек. Бұл бағыт бойынша ауыл азаматтарының туған жері мен білім алған оқу орнын абаттандыру, сыртқы көрінісін реттеу, тазалығын сақтау, демеушілік жасау бойынша бағаланады. Бұл жайында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді. ...

Читать далее »

Әскери қызметке шақырылатын азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндік қарастырылады

Әскерге шақырылған азаматтарға қызмет өткергеннен кейін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беріледі. Оның ішінде жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер, білім беру гранттары, сондай-ақ әскери қызметкерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі, несиелік демалыс және қосымша әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады. Сонымен қатар, әскерге шақыруға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі де қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, дәлелсіз себептермен шақырудан жалтарған азаматтарға айыппұл салынады, ал медициналық ...

Читать далее »

Шымкентте жайлы ортаны қалыптастыру қарқынды жүруде

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз жиынында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы даму жоспарымен бөлісті. Жиында айтылғандай магистральды көшелер мен саябақтарды санитарлық тазалау жұмыстары Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральдық көшені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 мердігер мекеме санитарлық тазалайды ...

Читать далее »

Жерлестеріміз Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында жерлесіміз Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды. Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені ...

Читать далее »

Түркістан облысының 2000-нан астам оқушысы «Iqanat» олимпиадасына қатысады

Түркістан облысының 2000-нан астам ауыл оқушысы республикалық «IQanat» Олимпиадасына қатысады. Бірінші турдан сәтті өткен білімділер Қазақстан бойынша ақтық сынға өткен 1000 оқушының қатарына ену үшін 3 күн бойы тістілеуден өтпек. Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – «Peer-to-Peer» жобасы болмақ. Жаңа бастама нәтижесінде, жоғары сынып оқушылары мен «IQanat» түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Таза like» экологиялық акциясы өтті

Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында жалпыұлттық “Таза like” экологиялық акциясы өтті. Бұл шара табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Акцияға облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысып, қала мен ауылдардағы қоғамдық орындар, саябақтар, су айдындарының жағалаулары, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды. Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Смадияр Сабировтың айтуынша, ...

Читать далее »

В Шымкенте в День очищения посадили более 1 тысячи саженцев деревьев

В этом году Наурыз — великий всенародный праздник — отмечался в стране в течение 10 дней. Заключительный день Наурызнама — 23 марта, был объявлен Днём очищения (Тазару күні). В этот день во всех регионах Казахстана проходит общенациональная экологическая акция. Город Шымкент тоже не остался в стороне от масштабной экологической акции, приуроченной к Дню очищения. В новом развивающемся районе Шымкент-Сити была ...

Читать далее »

Шымкентте Тазару күнінде 1 мыңнан астам түп ағаш егілді

Биыл Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін еліміз 10 күн бойына тойлағаны белгілі. Наурызнаманың қорытынды күні, яғни, 23 наурыз — Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтіп жатыр. Тазару күніне орай өткен жалпыұлттық экологиялық акциядан Шымкент қаласы да тыс қалған жоқ. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан Шымкент-Сити шағынауданында «Бір тал кессең, он тал ек» деген ...

Читать далее »

Түркістан: Үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауында Ұлыстың Ұлы күні тойланды

Ордабасы ауданында Ұлыстың Ұлы күні кең көлемде тойланды. Салтанатты шара «Наурыз – жыл басы» сахналық композициясымен басталып, кернейшілер, дабылшылар, атты жаршылар керуенімен жалғасты. Қыдыр ата бата беріп, адыраспанмен аластау, жеті шелпек тарату, шашу шашу, тұсау кесер, көрісу дәстүрлері жаңғырды. Наурыздың келуін дәріптейтін құмырадан ақ құю рәсімі жасалды. Атты және жаяу сарбаздар, гүлдер мен көбелектер шеруі ұйымдастырылды. Аудан басшысы Оралбаев Азат ...

Читать далее »

Президент халықты Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды. Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. – Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең ...

Читать далее »

Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. – Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! ...

Читать далее »

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді

Наурыз мейрамына «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға 300-ден аса турист келді. Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын тамашалауды жоспарлап отыр. Олар Түркістанның тарихымен, мәдениетімен танысады. Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығын аралап, Қожа Ясауи кесенесіне зиярат етеді. Сондай-ақ қаланың жаңа сәулет нысандарын, атап айтсақ, «Жастар» саябағын «Керуен сарай» кешенін аралайды. Айта кетейік, өткен жылы «Жібек жолы» туристік пойызы өз ...

Читать далее »

Шымкентте сакура ағашы гүлдеді

Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған болатын. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті. Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді. Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін ...

Читать далее »

Шымкентте «Төлем» жүйесінен Avtobys жүйесіне көшу ресми түрде қабылданды

2025 жылдың 1 мамырынан бастап Шымкент қаласында «Төлем» жүйесінің валидаторлары ажыратылады. Осыған орай, тұрғындардан стандартты Төлем карталарының балансын толықтырмау сұралады. Қаражатты көрсетілген мерзімге дейін пайдалануға кеңес беріледі, ал 1 мамырдан кейін картада қалған қаражатты қайтару үшін Төлем кеңсесіне өтініш беру қажет болады. Сонымен қатар, Төлем жобасы Шымкент қаласындағы жұмысын аяқтайды, ал тұрғындар мен Төлем карталарының иелері үшін 2025 жылдың 10 ...

Читать далее »

«Наурызнама»: Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтіп жатыр

«Наурызнама» онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» болып белгіленген. Бүгін, мерекеге орай алғаш рет Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында облыстық спартакиада өтуде. «Түркістан арена» стадионында ұйымдастырылған дүбірлі сынның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Наурыз мерекесімен құттықтады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында ұлт денсаулығына ерекше көңіл бөліп, дене шынықтыру ...

Читать далее »

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Түркістанда тағы 348 отбасы қоныс тойын тойлады

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мейрамы қарсаңында түркістандықтар қуанышқа кенелді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 348 отбасына «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін табыстап, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Баспана иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты. – Алдымен баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Бүгін біз ...

Читать далее »

Шымкентте 120 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартты. “Наурызнама” онкүндігі аясында барлық мектептерде республикалық челлендж өтті. “КҮЙ КҮМБІРІ” республикалық домбырашылар челленджіне Шымкент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы қатысты. Білім ордасының “Мұрагер” ансамбліндегі 120 оқушы бір мезетте Құрманғазының “Балбырауын”, “Адай” күйлерін, Ә.Желдібаевтың “Ерке сылқым”, Н.Тілендиевтің “Әл қисса” күйлерін орындады. Шараның мақсаты — білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ...

Читать далее »

Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр

Бүгін Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз Ұлттық спорт түрлерінен барлық аудан-қалаларда жарыстар өтіп жатыр. Шара аясында бүгін Бәйдібек ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру секілді дәстүрлі ойындардан сайыс өтті. Спорттық жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы диплом мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, Түлкібас ауданында мектеп оқушыларының қатысуымен ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. ...

Читать далее »

5 сәуірден бастап мопедтерді тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Заң талаптарына сәйкес, тіркелмеген мопедтерді басқару және жүргізуші куәлігінсіз мопедті пайдалану тыйым салынады. Аталған күннен бастап мопед иелері келесі талаптарды орындауы тиіс: — көлік құралын полицияда тіркеуден өткізу; — A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігін алу; — техникалық тексеруден өту; — азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды рәсімдеу. 5 сәуірге ...

Читать далее »