Шымкентте Тазару күнінде 1 мыңнан астам түп ағаш егілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Тазару күнінде 1 мыңнан астам түп ағаш егілді

Биыл Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін еліміз 10 күн бойына тойлағаны белгілі.

Наурызнаманың қорытынды күні, яғни, 23 наурыз — Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтіп жатыр.

Тазару күніне орай өткен жалпыұлттық экологиялық акциядан Шымкент қаласы да тыс қалған жоқ. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан Шымкент-Сити шағынауданында «Бір тал кессең, он тал ек» деген акция ұйымдастырылып, аудан тұрғындары 2600-ден астам түп шынар ағаш көшеттерін отырғызды. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген қағиданы басшылыққа алған топтың қатарында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, еңбек ардагерлері, еріктілер мен белсенді жастар, барлығы 200-ден астам адам бар.

—Халқымыз ежелден Наурызда бұлақтың көзін ашып, айналаны күл-қоқыстан тазартып, ағаш егіп, табиғатқа қамқорлық танытқан. Сол дәстүрді сақтаған еліміз үшін Тазару күні
жаңа жылды жаңа мақсат, жаңа үміт және таза ниетпен қарсы алудың символына айналып отыр, — деді Шымкент қаласы Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бастархан Байжанов.

Сонымен қатар Тазару күнінде Шымкент қаласының барлық аудандарында «Таза аула» атты экологиялық іс-шара өтті. Оған бүкіл қала бойынша 4 мыңнан астам адам қатысып, аулалар мен көшелердің бойын күл-қоқыстан тазартты. Ағаштардың түбі әктеліп, қураған бұталары кесіліп, ретке келтірілді. Қоқым жәшіктері, қоршаулар мен орындықтар сырланды.

Айта кетейік, Наурыз мерекесінен басталған бұл игі іс бүкіл қала аумағында сәуір айында да жалғасын таппақ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...