Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр

Бүгін Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз Ұлттық спорт түрлерінен барлық аудан-қалаларда жарыстар өтіп жатыр. Шара аясында бүгін Бәйдібек ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру секілді дәстүрлі ойындардан сайыс өтті. Спорттық жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы диплом мен сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданында мектеп оқушыларының қатысуымен ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Додада қазақ күресі, ләңгі тебу, асық ату сынды жекелей жарыстармен қатар, арқан тартыс сынды командалық ұлттық спорт түрлері ұлықталды. Жастарды спортпен шұғылдануға дағдыландыру, ұлттық ойындар мен салауатты өмір салтын насихаттау, ойын кезінде өзін-өзі басқару арқылы қайсарлық пен батылдықты мақсат еткен шараға оқушылар белсене қатысты.

Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданында жастардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында тағызқұмалақ ойынынан жарыс өтті. Аудандағы Жаңабазар ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа мектеп оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Үздік деп танылған оқушыларға сый-сыяпаттар берілді.

Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі – қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның әр саласын қамтитын мерекелік кезең. Ұлттық спорт күні — қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту мен насихаттауға арналған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...