Президент халықты Наурыз мейрамымен құттықтады — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент халықты Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды.

Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

– Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастарқан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...