“Заң мен тәртіп: Жастармен ашық диалог” — Xnews — ақпарат агенттігі

“Заң мен тәртіп: Жастармен ашық диалог”

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Түркістан” жоғары көпсалалы мелициналық колледжінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу мақсаты — жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң мәселелері бойынша түсінік беру және құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстыру.

Кездесуге Түркістан облысының адвокаты Бекжан Кыдырбаев, Түркістан облысының жеке сот орындаушы Даурен Бектибаев, Түркістан облысының нотариус маманы Гулхаё Раметова мен Түркістан облысының Әділет департаментінің маманы Сәбит Танирбергенов спикер ретінде қатысты. Олар өз салалары бойынша жастарға маңызды ақпараттар беріп, заң мен құқықтық нормалар туралы әңгімеледі.

Спикерлер жастарға заңды білудің, өз құқықтарын қорғаудың маңыздылығын, адвокат қызметінің негізгі аспектілерін, құқықтық көмек көрсету тәсілдерін баяндап, жастарды құқықтық тәртіпті сақтау, заңнамаларды білу және құқықтарын қорғау жөнінде кеңестер берді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл шара жастарға құқықтық білімдерін арттыруға, заң мен тәртіпті түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жастар арасында құқықтық сауаттылықты жоғарылатуға ықпал етеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...