Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түркістан облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Дәурен Жүсіпов баяндады.

«Облыс көлемінде орын алған 8 қайғылы жағдайда 2 бала суармалы каналдарда, 2 оқиға Келес және Машат өзендерінде орын алған. Бұдан бөлек, 2 оқиға жылыжай маңындағы су жиналған шұңқырларға, 1 оқиға кәріз жүйесіндегі шұңқырға, ал тағы бір оқиға үй ауласындағы су толы ыдысқа құлау салдарынан болған. Мамандардың айтуынша, көктем мезгілінде ауа-райының жылынуына байланысты балалар су жағасына жиі барады. Сондықтан ата-аналардың бақылауының әлсіреуі орны толмас жағдайларға әкелуде. Қайғылы оқиғалардың алдын алу шаралары аясында өңірде кең көлемді профилактикалық және рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Құзырлы органдар, еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен су айдындарында тұрақты тексерулер ұйымдастырылуда. Қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілік қарастырылған. 2025 жылғы шомылу маусымында жүргізілген рейдтер нәтижесінде 151 жеке тұлғаға 2 078 062 теңге көлемінде айыппұл салынса, 3 заңды тұлға мен 3 кәсіпкерге 235 920 теңге айыппұл салынған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда едәуір жоғары. Өңір тұрғындарымен 106 кездесу ұйымдастырылып, оған 5 мыңға жуық адам қатысқан. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында 300-ден астам түрлі форматтағы сабақтар өткізіліп, мыңдаған оқушы қамтылды. Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады» — деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...