Түркістанда заң үстемдігін нығайту мақсатында дөңгелек үстел өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда заң үстемдігін нығайту мақсатында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Түркістан қаласында «Азаматтық қоғам: Заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам» тақырынба дөңгелек үстел өтті.

Шара облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиынға облыстық Әділет департаментінің өкілі Бағдат Үсенов пен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова қатысып, қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тіркеуден өтуін, қызметін тоқтату және есеп беру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған. Жиында азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде
заңды сақтау және тәртіпті ұстанудың қоғамның тұрақты дамуына қосатын үлесі жайлы пікірлер айтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...