Түркістан облысы

Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі бойынша республикада бірінші орынға шықты

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 802,6 млрд. теңгені құрап, республика бойынша 1 орынға шықты. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127,3 млрд. теңгеге, нақты көлем индексі 103 пайызға жеткізіледі деп күтіліп отыр. Еңбегімен дараланған өңір жұртшылығы бүгін «Алтын күз-2023» мерекелік іс-шарасын өткізді. Жәрмеңке өткізіліп, тұрғындарға арзан бағада азық-түлік өнімдері саудаланса, көпшілікке мемлекеттік бағдарламалар арқылы алынған ауыл шаруашылығы ...

Читать далее »

Түркістандық мұғалімдер Жапониядан тәжірибе жинап келді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, 28 қазан мен 3 қараша күндері аралығында түркістандық 15 білім саласының қызметкері Жапония еліне іссапармен барды. Олар күншығыс еліндегі білім саласының артықшылықтарын көзбен көріп, тәжірибе алмасып қайтты. Аталған семинар Жапонияның Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл жайында брифингте облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Төлембет баяндады. — ...

Читать далее »

Түркістанда «Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің» волонтерлік қозғалысының жұмысы басталды

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен республикамызда алғаш рет кәсіби волонтерлік қызметтің жұмысы басталды. «Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен волонтерлік қозғалыстың алғашқы отырысына Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков және облыс аумағында орналасқан Жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты. Жиын барысында волонтерлердің қолдауымен Пердебек Есқұлов аталған волонтерлік қозғалыстың төрағасы болып сайланды. – Еріктілік ...

Читать далее »

Түркістан облысы әкімдігі мен Украинаның «UBC Group» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды

Түркістан облысының әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Украинаның «UBC Group» компаниясының басшысы Игорь Гуменныймен меморандумға қол қойды. «Түркістан инвест» сүйемелдеуімен келген инвесторлар енді Түркістан облысында сусындарды салқындататын тоңазытқыштар мен мұздатқыштар шығаратын зауыт ашады. Қазіргі таңда индустриалды аймақта жер қарастырылып, рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған зауыт 2024 жылдың ақпан айында іске қосылады деп жоспарланған. «UBC Group» – Шығыс Еуропадағы ең танымал әрі өндірістік ...

Читать далее »

Түркістанда «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасы өтті

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасының ашылуы салтанаты өтті. Бауырлас елдердің жастары бас қосқан жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі, Түркия Республикасының, Шымкент қаласының, Түркістан облысының, Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, белгілі спикерлер және өңіріміздің белсенді жастары қатысты. Алдымен, мәртебелі меймандар ұйымдастырылған көрмені тамашалап, ...

Читать далее »

Түркістан облысында газ тарату станциясы іске қосылып, 50 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды

Түркістан облысы, Жетісай ауданында «Кирово» газ тарату станциясы іске қосылды. Біраз жыл бойы өзекті мәселеге айналған «сақалды құрылыс» өңір басшылығының тапсырмасымен биыл аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды станцияны іске қосу рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. – Өңірімізде инфрақұрылымды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Шалғайдағы елді мекендер де назарымызда тұр. Бұдан былай тұрғындар көмір жағып, күл шығару машақатынан ...

Читать далее »

Арнайы делегация Түркияда Түркістан өңірінің туристік орындарын насихаттап, сол елдің тәжірибесімен танысуда

Түркістан облысының делегациясы туризм саласы бойынша жетекші елдердің бірі Түркияда өңірдің туристік әлеуетін таныстырып, тәжірибе алмасуда. Road show форматындағы кездесулерді Ыстамбұл, Кайсері және Конья қалаларында ұйымдастыру жоспарланған. Туристерді тарту мақсатында өтіп жатқан ақпараттық турда Түркістан өлкесінің тарихи-мәдени және көрікті орындары мен табиғаты жарнамаланды. Баршаға белгілі, Түркістан халықаралық әуежайынан Ыстамбұл бағытына тұрақты рейстер қатынайды. Сондықтан қос ел арасындағы іскерлік және достық ...

Читать далее »

Президент реформасы: Монополияны жою – жарқын келешегіміздің кепілі

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын, ұстар бағытын айқындап берді. Соның бірі — барлық саладағы монополияны жою. Бүкіл құзырет бір қолда жинақталып, биліктің барлық тармағы бір адамға қарап отыратын басқару жүйесінің зияндылығын паш етті. Яғни, бұл жүйе демократияға жат екендігін жеткізді. Сондықтан Қазақстанның саяси моделін өзгерту қажет ...

Читать далее »

Президент реформасы: Азаматтардың өмірін жақсарту — негізгі міндет

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл орайда, Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Облыста қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. ...

Читать далее »

Түркістан облысында экономикалық көрсеткіштер бойынша Созақ ауданы көш бастап тұр

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін нақтылау мақсатында облысқа қарасты аудан, қала әкімдерінің арасында 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша рейтингі түзілді. Онда облыс әкімі тарапынан жүктелген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы және ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс, өнеркесіп өнімдері, жаңа жұмыс орнын құру және тағы басқа салалар бойынша атқарылған жұмыстар толықтай қамтылды. Нәтижесінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды мерзімінде әрі сапалы орындау рейтінгісі ...

Читать далее »

Ордабасыдағы зауыт тәулігіне 100 мың дана қыш өндіреді

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті, деп хаюарлайды Xnews Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Тур аясында журналистер алдымен Бадам ауылындағы «Бөрте милка» сүт зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде зауытта тәулігіне 50 тонна сүт өнімі өңделеді. Сүт өңдеу зауытына Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX», «FBF» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған. Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Бадам ауылы, «BOKEI» ЖШС-ң толық автоматтандырылған ...

Читать далее »

Ордабасыда «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 165 жоба қолдау тапқан

Бүгін БАҚ өкілдері Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында орналасқан «Сұлтанберді» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Кешеннің инвестициялық құны — 420 млн теңге. 2 гектар аумақты алып жатқан жылыжайда 2020 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда 15 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 400 тонна өнім өндіреді. Бұдан бөлек, жалпы ауданда 105,9 гектар алқапқа жылыжай кешені бар. Оның ішінде 21 гектары — өндірістік жылыжайлар, ал 84,9 ...

Читать далее »

Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды

6 қараша күні Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Бауырлас елдердің спортшы өрендерінің басын қосқан доданың ашылу салтанаты «Керуен сарай» кешеніндегі «Show arena» ғимаратында ұйымдастырылды. Салтанатты жиында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі елдерінің басын қосқан спорт ...

Читать далее »

Түркістан облысында жеке инвестициялар көлемі 1,7 есеге артты

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркістан облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталды. Бірқатар салада көрсеткіш жақсара түскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 680,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ды құрады. Өңірдің экономикалық дамуы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 13 индикаторды орындау бойынша көш соңында қалған әкімдерге жұмысты ширатуды тапсырды. – Аудан, ...

Читать далее »

Төрт аудандағы әкім сайлауының қорытындысы шықты

Түркістан облысындағы 4 ауданда: Созақ, Мақтаарал, Шардара және Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев 2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен 4 аудан әкімінің сайлау қорытындысы бойынша есеп берді. Бәйдібек ауданы бойынша сайлауға 3 кандидат қатысып, сайлаушылар тізіміне 28807 азамат енгізілді. Дауыс беруге 16729 сайлаушы қатысты. Бәйдібек ауданының сайлау қорытындысы бойынша 9379 дауыспен ...

Читать далее »

Түркістан облысының 4 ауданында әкім сайлауы өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саяси жаңғырудың жаңа кезеңін жүзеге асыру мақсатында елдегі сайлау жүйесі де жетілдірілуде. Оған дәлел – дәл бүгінгі өтіп жатқан аудан әкімдерінің сайлауы. Бүгін республика бойынша 45 аудан-қалалардың қатарында Түркістан облысынан Мақтаарал, Шардара, Созақ және Бәйдібек аудандары бар. Өңірлердегі сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің Әнұраны орындалып, сайлау науқаны басталып кетті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. ...

Читать далее »

Облысында баламалы энергия көздерінің бірнеше нысаны іске қосылады

Қытай инвесторларының қатысуымен Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында жел және күн электр станцияларын салу бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылады. Жалпы қуаттылығы 1260 МВт электр станцияларын салу үшін Сауран, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы және Түлкібас аудандары қарастырылуда. Осыған дейін Қытай еліне іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвесторларға бірқатар жоба ұсынған болатын. Бүгін өңір басшысы бұл елдің ең ірі компанияларының ...

Читать далее »

Келестік оқушы қыз жылыжайда ерекше гүл түрлерін өсіреді

Келес ауданындағы №11 «Жолбасшы» жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Жылыжайда қазіргі таңда 10-ға жуық үй гүлдерінің түрлерін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен арнайы зерттеу де жүргізіп жатыр. – Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді ...

Читать далее »

Бәйдібектік тұрғын «Zhas project» жобасының жеңімпазы атанды

Түркістанда «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздарын анықтау рәсімі өтті. Аталған жоба аясында бәйдібектік Ботакөз Жетпісбайқызы, Кондитерлік цех жобасы бойынша жеңімпазы атанды. «ZHAS PROJECT» жобасы – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамдастық өмірге тарту және қоғамдастықтың игілігі үшін пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларға баулу мақсатында ұйымдастырылған. Осы ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды: “Түркістан өңірін кәсіпкерлік орталығына айналдыруға мүмкіндік мол”

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу тұрақты түрде өтеді. Бұл жолы Түркістан қаласында бизнесін дамытуға ниет білдірген Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ туризм, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсыныстарды тыңдады. Бизнес өкілдері қордаланған мәселелері мен жаңа ұсыныстарын айтты. Кездесу ...

Читать далее »