Түркістан облысы

Түркістан облысында 2 жылда 140-тан астам әкімді халық сайлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бастамасы бойынша Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. «Әділетті Қазақстанды құрудағы игі істерге барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана біз ортақ мүддеге қол жеткізе аламыз. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әкімдердің ...

Читать далее »

Саяси реформалар – жаңарудың жарқын жолы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған саяси реформалары – елді демократияландырудың ең басты алғышарты. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық. Жаңа Қазақстан құрудағы ең басты өзгеріс әуелі Мемлекет басшысының өзінен басталғанын басым айту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына ...

Читать далее »

Бауырлас елдердің инвесторлары Түркістан өңірінің әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанда өткен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форум мазмұнды жиынмен жалғасты. Атап айтсақ, Түркістан төрінде Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті қорытындыларына арналған түркі сауда-өнеркәсіп палатасы одағының бизнес форумы өтті. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бизнес өкілдері қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстар нығая түскенін мәлімдеді. – Түркі әлемінің рухани астанасы, қасиетті Түркістан қаласына ...

Читать далее »

Түркістанда Баян Бекетованың «Ақ періште әлемім!» атты шығармашылық кеші өтті

Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Баян Бекетованың шығармашылығына арналған «Ақ періште әлемім! атты кеш өтті. Іс-шараға келушілер алдымен кеш иесінің туындыларынан жасақталған кітап көрмесімен танысты. Содан соң үлкен залда Баян Қадірбайқызы жайлы бейнетуындыны тамашалады. Әдеби кеш шымылдығы «Ақ періште әлемім!» атты монологымен түрілді. Мазмұнды жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды бірнеше елдің инвесторларымен келіссөздер жүргізді

Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумына шет мемлекеттер мен еліміздің ірі кәсіпкерлері, инвесторлары келген болатын. Олардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдап, келіссөз жүргізді. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның инвесторларымен жобаларды, әріптестік орнату мәселесін талқылады. Кездесулерді облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жүргізіп отырды. – Түркістан өңірінде ...

Читать далее »

Түркістанда профессорлар мен білікті спикерлер адам капиталын дамыту жөнінде пікір алмасты

Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумында «Білім беруді және адами капиталды дамыту жөнінде» панельдік сессиясы өтті. Онда спикерлер адам капиталын дамыту, білім саласында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану және өзге де мәселелер талқыланды. Келелі кеңеске 12 спикер қатысты. Олар – білім саласына еңбегі сіңген тұлғалар мен бірқатар жоғары оқу орындарының проректорлары. Жиында ...

Читать далее »

Түркістандағы халықаралық форумда өңірдің көлік логистикасын дамыту жолдары қаралды

Түркістанда әлемнің түкпір-түкпірінен үздік бизнес және туризм өкілдерінің басын қосқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Келелі басқосуға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және Қытай елдерінің беделді саясаткерлері, ірі кәсіп иелері, сала көшбасшылары мен сарапшылары, инноваторлары қатысуда. Форумның пленарлық сессиясы әрі қарай салалық сессияларға жалғасты. «Жібек жолы Қытай – Еуропа: Орта және Оңтүстік дәліздердің мүмкіндіктері ...

Читать далее »

Реформалар халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған

Мемлекет басшысының Жолдаулары елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Ал, биылғы Жолдаудың ерекшелігі айтылған міндеттердің бәрі үш жылдың ішінде орындалуы тиістігі, аса күрделі міндеттерді жүзеге асыруға нақты мерзім бекітілгендігі. Талдап қарасаңыз Жолдауда ең көп қолданылған экономика-68, мемлекет-42, заң-23, халық-22, бизнес-18 сөздері Басты бағыт экономиканы дамытудың жоба-жоспары болғандықтан экономика сөзінің Жолдауда көп кездесуі ...

Читать далее »

Президент реформасы: Жергілікті басқару жүйесінде елеулі өзгерістер бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында іргелі бастамаларды көтерген болатын. Солардың ішінде ерекше тоқталатыны — әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру. Бір жыл ішінде Жолдауда айтылған негізгі бастамаларға негізгі қадамдар жасалып та жатыр. Ел тағдыры сынға түскен уақытта Президентіміз табандылықпен тарихи шешімдер қабылдады. Былтырғы Жалпыхалықтық референдум мен Президент сайлауы елді де, қоғамды да түбегейлі өзгертті. ...

Читать далее »

Халықаралық форумда ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібін дамыту талқыланды

Түркістан облысында алғаш рет бизнес және туризм өкілдерінің басын біріктірген TIF’23 — «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтуде. Онда «Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібін дамыту» жайында панельдік сессия отырысы өтті. Сала майталмандары оның даму перспективалары мен сыртқы нарықтарға шығу жолдарын талқылады. Ірі компаниялардың басшылары өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін ортаға салды. Сессия отырысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы өңірдегі ...

Читать далее »

Түркістандағы экономикалық форумда 1 трлн. 55 млрд. теңгенің меморандумына қол қойылды

Бүгін Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әртүрлі секторлардың спикерлерімен және тәжірибелі тұлғаларымен байланыс орнатуға, құнды білім алуға мүмкіндік беретін панельдік отырыстарға ұласуда. Форумды облыс әкімі Дархан Сатыбалды ашып берді. Форум алдында Түркістан өңірін танытатын көркемсурет галереясы мен презентациялар, халықаралық бизнес пен инвестициялық жобалар жәрмеңкесі ел назарына ...

Читать далее »

«Түркістан: туризм, инвестиция, экономика» халықаралық форумы басталды

Түркістан облысында алғаш рет бизнес және туризм өкілдерінің, халықаралық деңгейдегі сарапшылардың басын біріктірген TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Ауқымды жиынға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қытай, Ресей елінің беделді саясаткерлері, ықпалды кәсіпкерлер, сала көшбасшылары мен сарапшылары, инноваторлары қатысуда. Форумның пленарлық сессиясына Еуразиядағы BBC Global News басшысы Сергей Становкин модераторлық етіп, бағдарламаны таныстырды. Түркістан облысының ...

Читать далее »

Түркістан облыстық кітапханасына Созақтықтар 500 дана кітап сыйлады

«Кітап саяхаты – 2023» акциясы аясында Созақ ауданының кітап керуені «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» атты шарамен жалғасты. Кітап керуенінің ашылу салтанатында Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Созақ ауданы «Фараб» кітапханасының қорына 500 кітап және тактильді кітап сыйға тартты. ...

Читать далее »

Польшалық инвесторлар Шардарада балық шаруашылығын дамытуға ниетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды балық балық шаруашылығын дамыту бағытында инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп, жүйелі жолға қоюды міндеттеген болатын. Осы ретте Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Польша елінің «BG Production» балық шаруашылығымен айналысатын компания өкілдерімен кездесті. Олар балық өсіру, балық пен құсқа арналған жем шығару кешені жобасын іске асыруға ниетті. Оның ішінде ақсерке (лосось) балығын өсіруді жоспарлауда. Компания алдағы 4 ...

Читать далее »

Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды. Шағын кәсіпорын көрпе-жастықтан бастап, медициналық киімдер, шапан және қыз жасауын тігеді. Онда 7 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Цехтың ашылу салтанатында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев пен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Сылқымбек Спабеков құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерге сәттілік тіледі. Бұл Бәйдібек ауданында тігін ісі бойынша жалғыз өндіріс орны. Кәсіп ...

Читать далее »

Созақта 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп жатқан Ы.Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан бөлек, заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Өндірістік кестеге сәйкес жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, сапасына мән беру керектігін айтты. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аймағындағы тал көшеттерінің жай-күйін бақылап, тиісті мамандарға ...

Читать далее »

Түркістан: «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағында «Қыс-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыстық ТЖД бастығы, полковник Асқар Төлешев қатысты. Екі күнге созылатын шара Түлкібас ауданы аумағында өтіп жатыр. Оқу-жаттығу — екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде — облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының қысқы мерзімге дайындығы пысықталады. Ал екінші кезеңде ...

Читать далее »

Су тасқынының алдын алу мақсатында өзен арналарын тексеру жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында облыс аумағында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған дейін Ордабасы ауданының тұрғындары тарапынан Арыс-Түркістан каналындағы көпірді жаңарту, төрт түлік өтетін өткел салу бойынша ұсыныс айтылған болатын. Осыған орай, аудан әкімі Азат Оралбаев Б.Исаханов ауылы аумағындағы Арыс-Түркістан каналындағы көпірдің қазіргі жағдайын бақылады. Қазіргі таңда Б.Исаханов елді мекенінен өтетін Арыс өзенінің арнасын түзету ...

Читать далее »

Арыс қаласында «Nomads Cup» көшпенділер ойыны өтті

Бүгін Арыс қаласында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұлттық спорт ойындарының 5 түрінен ұйымдастырылған «NOMADS CUP» көшпенділер ойыны өз мәресіне жетті. Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының мәнін, дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған шараны қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ашып берді. Барлық аудан, қаладан келген жас спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірді. Жалпы жүлде қоры 2 млн. теңгені құрайтын ...

Читать далее »

Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының құрылысы басталды

Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, сондай-ақ Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері қатысты. Алдымен мердігер компания «INTEGRA CONSTRUKTION KZ» ЖШС өкілі құрылыс барысымен таныстырды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Президентіміз ...

Читать далее »