Шымкент

Еңбекші ауданында биыл 15 ашық спорт алаңшасы салынады

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуды және спортты баршаға қолжетімді етуді айтқан болатын. Осы бағыттағы жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтеновті бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек таныстырды. Аталған ауданда жалпы 2021 жылға дейін 85 ашық спорт алаңшалары орнатылған. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес осы жылы ауданда ...

Читать далее »

Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үй ауласы абаттандырылады

Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 56 көпқабатты үйдің аулалары жаңартылады. Аталған жұмыстарға бюджеттен 890 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Д.Есілбек ауданда атқарылған жұмыстар барысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстыру барысында айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде екен. Қалған 32 көпқабатты үй бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы өткізілуде. Еңбекші ауданы ...

Читать далее »

Қала әкімі Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша Еңбекші ауданының активімен кездесті

Шымкент қаласының «Сайрам» шағынауданы № 65 жалпы орта мектепте ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау бойынша Еңбекші ауданының актив мәжілісі өтті. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты стратегиялық құжаттағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Актив жиынына Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Марат Жүндібаев та арнайы қатысты. Алқалы жиында бірқатар баяндамашылар жарыссөзге шығып, ...

Читать далее »

Шымкенттегі «Мәртөбе» кешенін көруге 70 мыңдай турист келген

Шымкент қаласының аумағындағы 110 туристік нысан бар. Оның ішінде жеті тарихи нысан республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына енген. Осындай тарихи әрі туристік нысанның бірі — Мәртөбе кешені. Ерекше кешен Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Қалашықтың орны ҮІІ-ХІІ ғасырларға тән. Биіктігі 6-7 метрді құрайды. Бұл аумақта әйгілі Дала парламентінің келелі жиындары өтіп, «Жеті жарғыға» ...

Читать далее »

«Тұран» шағынауданына сапалы ауыз су келді

Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды. Шымкент қаласында осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарының бірі «Тұран» шағынауданында.   Бұл шағынауданда ауыз су жүйесін тарту жұмыстары ...

Читать далее »

Аудан әкімі ескі қалашық тұрғындарымен жүздесті

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ескі қалашықтың тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында тұрғындар аудан әкіміне өзекті деген мәселелерін жеткізді. Қаламыздың ең үлкен даңғылдарының бірі саналатын Д.Қонаев жолайрығының салынуына байланысты туындаған қиыншылықтар ортаға салынды. Аудан әкімі жауапты мердігерлермен кездесіп, аталған мәселелердің екі — үш  күннің ішінде шешімін табатынын айтты. Жолайрық құрылысы қала үшін маңызды жобалардың бірі екенін айтқан ол уақытша туындаған қиындықтарға ...

Читать далее »

Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы туралы ҚР Парламенті Сенаты депутаты @dana_nurzhigit :

Кеше «Astana Opera» сахнасында Шымкент опера театрының труппасы «Домалақ ана» операсын қойды. Көп естігеннен бір көрген артық деп бардық. Идея авторы Майра Мухамедқызымен үнемі байланыста болғандықтан бұл шығарманың қалай дүниеге келгенін жақсы білемін. Кеше қойылым аяқтала салысымен Майражан киелі сахнасын сүйіп,көрерменге иіліп сәлем салып тұрғанында қандай мән жатқанын,ассыз,ұйқысыз ізденген күндер тұрғанын түйсігіммен ұқтым.   Шымкент опера театрына жан бітіру Майраның ...

Читать далее »

«Тұрлан» шағынауданында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов «Тұрлан» шағынауданы М.Тореза көшесіндегі №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын аралап көрді. №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін бюджеттен 78,9 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Дорсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Балалар ойын алаңшасында орнатылған құрылғылар 100% Шымкентте өндірілген өнімдер. Құрылыс жұмыстары биыл қыркүйек айында ...

Читать далее »

Қала әкімі «Ынтымақ» шағынауданындағы Абай ауданының актив мәжілісіне қатысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ынтымақ» шағынауданы №54 мектепте өткен Президент Жолдауын насихаттау бойынша Абай ауданының актив мәжілісіне қатысты. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау іс-шарасында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты. Жиында ...

Читать далее »

Бадам -195 орам тұрғындары қазан айында табиғи газбен қамтылады

Қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі — қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады. ...

Читать далее »

«Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі»

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы «Халықаралық зерттеулер, ақпараттық талдау, сараптау» бөлімінің ұйымдастыруымен, «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Жалпы орта білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытудың жағдайы мен жаңа оқу жылына арналған міндеттер» атты педагогикалық пәнаралық секциялық отырысы онлайн форматта өтті. Іс-шараның мақсаты: ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және 2021-2022 ...

Читать далее »

«Жастар практикасы» арқылы екі мыңнан астам жас тәжірибе жинады

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Жанерке Қуандық. Ол былтыр Шымкент көпсалалы колледжінде медбике мамандығы бойынша білім алған. Жас маман оқу бітірген соң жұмыссыз мәртебесін алып, биыл мамыр айында халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына уақытша жұмысқа жолданды. – Жастар практикасы бағдарламасы арқылы уақытша болса да жұмыс таптым. ...

Читать далее »

Тасқын Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы Елордалық көрерменнің назарына ұсынылды

Шымкент қалалық опера және балет театры аты аңызға айналған әулие ана – Домалақ анаға арналған операны Нұр-Сұлтан қаласының көрермендеріне тарту етті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры және басты рөлді сомдаушы Майра Мұхамедқызының жеке шығармашылық идеясынан туған, Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы көпшілік өнер сүйер қауымның ыстық ...

Читать далее »

Шымкентте 435 мың адам вакцинацияланды

Шымкентте 2 қыркүйекте КВИ-дің екі жүз жиырма үш жағдайы тіркелді (белгілері бар – 165, белгілері жоқ – 58). 107 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жүз он алты  адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы екі мың тоғыз жүз сексен орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1366 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – ...

Читать далее »

Ел экономикасын дамытуға тың серпін береді

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратау ауданы активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі А.Әліқұлов төрағалық етті. Жиын барысында сөз алған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Т.Балтабаев Жолдаудағы баспана мәселесі мен әлеуметтік қолдауға қатысты пікірін білдірді. Ал, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Тоқмағанбетов еліміздің кемел келешегі үшін өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар ...

Читать далее »

Ел дамуына жаңа бағдар берді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының алдағы кезеңіне жаңа бағыт-бағдар береді. Президент осынау маңызды құжатта өте өзекті мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Әрдайым күн тәртібінен түспейтін әлеуметтік ахуалды атап өтті. Ендігі мәселе – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау. Жауапты органдар мен басшылар нақты іс-шаралар жоспарын түзіп, жүзеге асыруы тиіс деп санаймын. Ал қарапайым халық, ел азаматтары осы тапсырмалардың орындалу барысын ...

Читать далее »

Бірлік және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Пандемия жағдайындағы мемлекеттің дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын ұлттық жобалар құнды болып табылады. Сондықтан ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілеті, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың әл-ауқатының артуы, экономикалық өсім, ғылым, технология және білім, денсаулық сақтау ісі, мәдениет, экология және табиғатты тиімді пайдалану стратегиялық ұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.   Осы орайда, 2021 жылы 1 қыркүйектегі Президент Жолдауында «Біз ...

Читать далее »

Зиялы қауымға сенім артты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев күні кеше Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Әрбір Жолдауда қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалып отырады. Бұл жолы жас буын мен аға буынның арасындағы байланысты нығайтып, оларға тәлім-тәрбие беруде зиялы қауым өкілдеріне үлкен сенім артты. «Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ...

Читать далее »

«Асар» шағынауданында ойын алаңшасы абаттандырылуда

Шымкентте аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде орамішілік ауалалар жөнделіп, балалар алаңдары қайта жасақталады. Қала әкімінің қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы қарқын алған.   Атап айтқанда, Асар шағынауданында №14, 16, 18, 20, 22, 24 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары атқарылып отыр. Құрылысты жүргізетін «Пример Строй» мердігер мекемесі. Бұл жұмыстар аудан әкімі ...

Читать далее »

ІТ-мамандарын даярлау- заман талабы

Ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда өмір сүріп отырмыз. «Цифрлы Қазақстанға» айналу үшін де отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу өте маңызды. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауда «Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың білікті ІТ-маман даярлау қажет» деп ІТ-мамандарына сұраныс жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Электронды үкіметтің» мүлде жаңа құрылымын жасауды тапсырды. Бұл ...

Читать далее »