Қаратау ауданында сенбіліктер ұдайы өткізіліп тұрады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаратау ауданына барған сапарында атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі аумақтағы тазалық жұмыстары жөнінде баяндады.

Биыл ауданда көктем мезгілінде тоғыз рет сенбілік ұйымдастырылған екен. Сенбілікке  он бес мыңнан  астам тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысқан. Елу  сегіз  техника жұмылдырылып, сексен  бес шақырым ирригациялық арықтар тазартылған.

Сонымен бірге, он мың түп ағаш көшеттері отырғызылып,  мың  бір  жүз тоқсан  текше метр  күл-қоқыс қала сыртына шығарылды. Аталған жұмыстар аудан аумағында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Шымкент — ортақ үйіміз, сондықтан өз ауламызды таза ұстайық!